Астанада жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі қылмыс үстінде ұсталды

Фотография - Астанада жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі қылмыс үстінде ұсталды

Ұсталғаннан кейін Сүлейменов уақытша қамау абақтысына жабылды

1007 0

Астана бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюро қызметкерлері қала әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Еділ Сүлейменовты кәсіпкерлерден жалпы көлемі 2,1 миллион теңгені құрайтын  параны алу кезінде ұстады, деп жазады Today.kz.

"Алғашында ол өзге адам арқылы 1,5 миллион теңгені атқарылған жұмыс актісіне қол қою мен кәсіпкерді адал емес жеткізушілер тізіміне енгізбес үшін алған. Сол күні Сүлейменов аялдамаларды жуу мен бояу жұмыстарының актісіне қол қою үшін 600 мың теңге көлемінде тағы бір пара алған", - деп хабарлайды Ұлттық бюро баспасөз қызметі.

Ұсталғаннан кейін Сүлейменов уақытша қамау абақтысына жабылды. Сот алды тергеу басталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!