Алматыда Медеу ауданы сотынан баукеспе ұры қашып кеткен

Фотография - Алматыда Медеу ауданы сотынан баукеспе ұры қашып кеткен

Сержанттар таза ауа жұтыпақ болып сыртқа шығады да, күдіктіні қараусыз қалдырған.

258 0

Алматыда полиция Медеу аудандық №2 сотынан қашып кеткен күдіктіні іздеуде. Екі сержант ұрлық жасады деп күдікке ілінген 25 жасар жігітті соттың қарауылдық бөлмесіне алып кірген, деп хабарлайды Today.kz.

Оқиға 29 шілде күні сағат 17:00-де болған. Дусмагамбетов ғимараттың жер төлесіндегі күдіктілер мен айыпталушылар камерасына отырғызылған болатын. Сержанттардың бірі камераны құлып орнына кісенмен жауып кеткен.

Осы кезде жөндеу жұмыстары өтіп жатқан көрші бөлмеден сварканың түтіні келеді де, шыдай алмаған сержанттар таза ауа жұтыпақ болып сыртқа шығады. Осы кезде күдікті кісенді ашып, қашып кеткен.  

Болған жайт туралы бір жарым сағаттан кейін белгілі болған. Ал сержанттар оны өз күштерімен іздемек болып, басшылыққа болған іс туралы тағы бір жарым сағаттан кейін жеткізген.

Алматы ІІД қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу бастады. Қашып кеткен күдікті Дунес Дусмагамбетов Өзбекстанда туған, Қазақстан азаматы болып келеді. Бұрындары "Ұрлық" бабы бойынша 2013 жылы істі болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!