Қарағанды облысында банкке шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Фотография - Қарағанды облысында банкке шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Банк филиалы бөлімінің басшысы қарақшылар қолынан зардап шегуі мүмкін еді.

249 0

Полиция Қарағанды облысы Қарақаралы ауданындағы  банкке шабулы жасаған күдіктілерді ұстады, Today.kz.

Қарақшыларға банкті тонауға дабыл пернесін басқан кассир қыз бөгет болған. Полиция дереу оқиға орнына келгенімен, күдіктілер қашып үлгерген. Асығыста олар ақша да ала алмаған.

"Куәгердің айтуы бойынша полицияның жедел қызметі күдіктілер қашқан көлік түрін анықтады. Осыдан кейін осындай маркалы барлық көлік иеленушілеір тексерілді. Қарқаралы маңайындағы ауылдан үш тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар ісін мойындайтын куәлік берді", - дейді ІІД баспасөз қызметінен Батырхан Смайылов.

Банк филиалы бөлімінің басшысы қарақшылар қолынан зардап шегуі мүмкін еді.

"Менің бөлмемнің терезесі банктің операциялық залына қарайды, бұл қауіпсіздік үшін жасалған. Қолдарына шолақ мылтық ұстаған адамдарды көре сала бірден есікті іштен жауып алдым. Касса біздің бөлмеде. Олар менің күйеуім болып келетін күзетшімен ұстасты, қару көрген соң ол тоқтап қалды. Олардың бірі бөлмеге кіруге тырысты, мен өзіммен бірге отыратын кассирге дабыл пернесін бас дедім. Сирена дауысын естісімен олар қаша жөнелді", - дейді Назым атты бөлім басшысы.

Ұсталғандар уақытша қамау абақтысына жабылды. Тергеу жүруде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!