Алматыдағы атыс кезінде жарақат алған екі полиция қызметкері көз жұмды

Фотография - Алматыдағы атыс кезінде жарақат алған екі полиция қызметкері көз жұмды

Олардың екеуі де Алматыдағы теракт кезінде зардап шеккен болатын

1000 0

Алматыдағы атыс кезінде жарақат алған, қаладағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде жатқан екі полиция қызметкері көз жұмды.Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Олар полиция аға сержанты Әбілдаев Серік Еркенұлы және полиция лейтенанты Рахматуллаев Мейрамбек Нұрділлаұлы.

Екеуі де Күлекбаев тарапынан болған құқыққа қайшы әрекетке тойтарыс беру барысында оқ тиіп ауыр жарақат алған болатын.  

Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасағанмен, олардың өмірін аман алып қала алмады. Өкінішке қарай, алған жарақаттары тым ауыр болды.

Полиция аға сержанты Әбілдаев Серік Еркенұлы, 1973 жылы туған. Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің Жол-патрульдік полиция полкінің полиция қызметкері. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет атқарып келген. Қызмет барысында 1, 2, 3 дәрежелі "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медальдарымен, "Қазақстан полициясына 20 жыл", төсбелгісімен, ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ІІД мақтау қағаздарымен марапатталды. Отбасы - үйленген, 3 қыздың әкесі.

Рахматуллаев Мейрамбек Нұрділлаұлы, 1992 жылы туған. Алмалы аудандық ІІБ учаскелік инспекторы. Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келген. Қызмет барысында ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ІІД мақтау грамотаралырмен талай рет марапатталған. Отбасы лық жағдайы - үйленген. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!