Атырау облысында мас күйде рөлге отырған жүкті әйел ұсталды

Фотография - Атырау облысында мас күйде рөлге отырған жүкті әйел ұсталды

Әйел әкімшілік жазаға тартылды.

5727 0

Атырау облысында мас күйде рөлге отырған жүкті әйелге жаза кесілді, деп жазады Today.kz Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция Құлсары қаласындағы дүкендердің бірінің маңынан Kia Rio жеңіл көлігін тоқтатқан. Әкімшілік материалдарды толтыру барысында әйелдің жүкті екеніне қарамастан мас күйде болғаны анықталды.

Атырау облысы Жылыой аудандық сотының үкімімен әйел адам ҚР ӘҚБК 608-бабының 8-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 424,2  мың теңге көлемінде айыппұл салынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!