Алматы облысында әйел адамды ұрлап, ақша талап еткендер оны аяусыз ұрған

Фотография - Алматы облысында әйел адамды ұрлап, ақша талап еткендер оны аяусыз ұрған

Енді олар күдіктілердің кегінен қрқатынын айтады.

7936 0

Екі ер адам Алматы облысы Казцик ауылының тұрғыны болып келетін әйелді ұрлаған. Күдіктілер әйелдің туыстарынан жүз мың доллар талап еткен, деп жазады Today.kz Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі күдікті Іле ауданының уақытша қамау абақтысына жабылды. 2016 жылдың 26 шілдесінде қыз бала 57 жастағы анасының жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлаған. Іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Бірнеше тәуліктен кейін ол Алматыда күштеп ұстап отырған пәтерден табылды.

Екі күдікті 52 және 28 жастағы Талғар ауданының тұрғындары. Сот алды тергеу басталды.

Ал анасына іздеу салған қыз бала Instagram парақшасына бұл оқиғаның жан шошырлық тұстарын баяндады. Оның айтуынша, күдіктілер әйелді ұзақ қинап, соққыға жыққан. Енді олар күдіктілердің кегінен қорқатынын айтады. Өйткені оларды сыртқа шығарып алар қомқоршылары бар-мыс.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!