Жезқазғанда нәрестені қоқысқа тастап кеткен ана алимент төлейтін болды

Фотография - Жезқазғанда нәрестені қоқысқа тастап кеткен ана алимент төлейтін болды

Бала толықтай мемлекет қамқорында.

1426 0

Жезқазған қалалық соты Балаллар үйінің 18 жастағы колледж студент қыздың үстінен ьерген арызына қатысты шешім шығарып, көкек ананы екі айлық ұлына алимент төлеуге міндеттеді. Қыз бала босана сала нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған болатын, деп хабарлайды Today.kz.

"Біздің арыз қанағаттандырылды. Бала 18 жасқа жеткенге дейін оны бағуға анасы алимент төлеу керек. Ақша көлемі кішкене – бір айлық есептік көрсеткіштің  ¼ бөлігі, бұл оның жұмыс істемейтіндігін, білім алып жатқаныдығын есепке ала отырып шығарылды. Бала толықтай мемлекет қамқорында. Дегенмен болашақта балаға бұл ақша аяққа тұруға керек болады", - дейді Балалар үінің әкімшілігінен.

Баланың жағдайы қанағаттанарлық.

"Мұнда әжесі жиі келеді – баланың биологиялық әкесінің анасы. Ол немересін алып кеткісі келеді, құжат жинауда. Мұны комиссия шешеді", - деді мекемеден.

Естеріңізге салсақ, нәрестені 17 мамырда Қарағанды облысы Жезқазған қаласы маңындағы Кеңгір ауылында көше тазалап жүрген әйел қоқыс жәшігінен тауып алған болатын. Жеті айлық шала туылған бала пакетте жатқан, ал бетіне дәретхана қағазы жабылған. Нәрестені тастап кеткен көкек ананың тұлғасы қызметтік иттер арқылы анықталды. Із алған иттер 18 жасар студент қыздың үйіне алып келген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!