Алматыда 18 жастағы қызды іздеуге полиция топ құрды

Фотография - Алматыда 18 жастағы қызды іздеуге полиция топ құрды

18 жастағы Жұлдыз 1 тамыз күні із-түссіз кеткен болатын.

558 0

Алматы полициясы жоғалып кеткен 18 жастағы Жұлдыз Ерманованы іздеуге кірісті. Жасақталған топ іздеу шараларын бастап кетті, деп жазады Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іс жүзіндегі регламент бойынша, іздеу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру мақсатында коиминалды полиция бөлімшесі және жергілікті полиция қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу  тобы құрылды. Қазіргі кезде біз жоғалып кеткен қыздың өмір сүру қалпын зерттеп жатырмыз, оның айналасындағы адамдардан сұрау алып, ол соңғы кезде аралас болған адамдарды анықтап жатырмыз", - деп хабарлады Алмалы ауданы ІІБ басшысы қызметін атқарушы Рустам Әбдірахманов.

Қыздың туыстары өз күштерімен іздестіру жұмыстарын жалғастыруда және бей-жәй қала алмайтындарды еріктілер қатарына қосылуды сұрайды.

"Еріктілер тобын құрып жатырмын. Өтінемін, бейжай қала алмайтындар болса, уотсапқа жазыңыздар, топ үшін жауапты Айнұр Байназарова ‪+7707 708 8780, +77783608777 менікі; +77057999944 - Юля", - деп жазыпты өзінің Instagram парақшасына Ақшолпан Ерманова.

Естеріңізге салсақ, 1 тамызда 18:00-де 18 жастағы Жұлдыз Ерманова үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Із-түссіз кеткен күні Жұлдыз джинсілік бриджі мен күңгірт түсті топ киген болатын. Күлгін түсті рюкзагы болды. Қыз бала қара ілдірікті көзәйнекте киген. Ерекше белгісі: Жұлдыздың бұрымы ұзын, белден төмен түскен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!