Жұлдыз Ерманованы ұрлағандар оны келін етіп алмақ болған

Фотография - Жұлдыз Ерманованы ұрлағандар оны келін етіп алмақ болған

Қыздың туыстары өз алғыстарын білдірді.

1951 1

Ата-анасы екі күн бойы іздеген 18 жастағы Жұлдыз Ерманованың жоқ болып кеткендегі себеп белгілі болды. Қыздың әпкесі Ақшолпан Ерманованың айтуынша, оның сіңілін танымайтын жігітке күштеп ұзатпақ болған, деп хабарлайды Today.kz .

"Біз Жұлдызды іздеуге ат салысқан және қолдау білдіргендерге алғысымызды айтқымыз келеді. Қоғамның сырттан бақылап қалмай, көмек қолын созған үшін. Сіздер болмасаңыздар ісіміз оңға баспас еді. Жұлдызды бейтаныс адам ұрлап әкетіп, үйленбек болған. Жұлдыз келіспеген. Жігітің ата-анасы қоғамдағы және полициядағы белсенділікті көріп, қорыққанан сіңілімізді қайтарды", - дейді Акшолпан Ерманова. 

Оның айтуынша, Жұлдыз қатты қорқып қалған. Қазір ол үйде туыстарының қасында. Ақшолпанның айтуынша, жігіт пен оның отбасына Жұлдыздың арызы жоқ.

Естеріңізге салсақ, 1 тамызда 18:00-де 18 жастағы Жұлдыз Ерманова үйінен шығып кетіп, оралмаған. Жұлдызды іздеуге полиция тобы құрылып, оның үстіне туыстары да өз күшімен іздеуді бастаған. 3 тамызда Жұлдыз табылды.

 



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Серік 3 там. 2016

Негізі айтайын дененім қарындасымыздың аман-есен болғанына қуаныштымын))

Жауап беру