Ерасыл Әубәкіровтың суретін ІІД-нің екі бөлімінің қызметкерлері таратқан

Фотография - Ерасыл Әубәкіровтың суретін ІІД-нің екі бөлімінің қызметкерлері таратқан

ІІМ-де қызметтік және сот алды тергеу нәтижелерімен бөлісті.

403 0

Ерасыл Әубәкіровтың адам қолынан мерт болу ісіне қатысты екі қызметтік және бір сот алды тергеу жүргізілді, деп хабарлайды Today.kz ІІМ-нің редакцияның ресми сұранысына берген жауабына сүйене отырып. Сот алды тергеу мәліметтерінің таралып кету мүмкіндігі бойынша тергеу шаралары нәтиже бермеді, қылмыс орнынан сурет пен бейнежазбаның таралып кетуіне кімнің жол бергенін Астана қаласы ІІД Жеке қауіпсіздік қызметі басқармасы қызметкерлеріне "анықтау мүмкін болмады". Қылмыстық іс тоқтатылды.

Алайда, кейін қосымша қызметтік тергеу жүргізілді. Естеріңізге салсақ, мұндай алғашқы тексерістің нәтижелері 10 наурызда белгілі болды, ол кезде екі полиция қызметкері көрсетілген болатын.

Бірақ, полицияда қызметтік ақпаратқа қатысты үкімет қаулысына сүйене отырып, жазаланған адамдар саны да, олардың аты-жөні де көрсетілмеді.

Естеріңізге салсақ, Астанадағы медецина университетінің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіров 3 наурызда із-түссіз кеткен болатын. Екі апта бойы оны Қазақстан бойынша полиция мен көптеген еріктілер іздеді. 10 ақпанға қараған түні Әубәкіровтың денесі табылды. Сол кезде оның суреті WhatsApp пен әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Кейінірек жігітті қинаған кезде түсірілген бейнежазба таралды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!