Қызылордада босанған әйел дәрігерлер қателігінен қайтыс болды

Фотография - Қызылордада босанған әйел дәрігерлер қателігінен қайтыс болды

Көрнекі фото

26 жасар әйел бір ай бойы ауыр халде жатты.

284 0

Медициналық қызметкерлердің өз міндеттерін лайықсыз атқаруы нәтижесінде жас А. Тәшімова Қызылорда облыстық медицина орталығында көз жұмды, деп хабарлайды Today.kz, аймақтық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Босанғаннан кейін әйелге бес ота жасалды, алайда бұл шаралар оның сауығуына жеткізген жоқ.

 "Сотқа дейінгі тергеу арнайы прокурорларға тапсырылды. Кінәлі дәрігерлер – Сырдария аудандық ауруханасының хирургы Ш. Зетов пен акушер-гинекологы Э.Жаңабергенова – қызметтерінен босатылып, бас дәрігер М. Садықоваға қатаң сөгіс жарияланды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.

 Қадағалаушы ведомствоның ақпараты бойынша, облыс әкіміне аймақтық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қызметінен босатылуы туралы ұсыныс енгізіліп, сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне екіқабат және босанушы әйелдерге медициналық және консультациялық көмек көрсететін мамандардың құзыреттіліктерін растайтын кезектен тыс аттестация және сертификаттаудан өткізуді ұсыну тапсырылды.

 Сонымен қатар, облыстық перинаталды орталықта медициналық қызметкерлердің заңсыз әрекеттері мен сапасыз медициналық қызмет көрсетілгені себепті түсетін шағымдарға арналған жәшік орнатылды. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын тексеру мақсатында прокуратура қызметкері аптасына екі рет аймақтық перинаталды орталыққа баратын болады.  

Естеріңізге саламыз, Қызылорда облысында босанған әйелге қажетті күтімді қамтамасыз етпеген бірқатар медициналық қызметкерлерге қатысты іс тергеліп жатыр. 17 маусымда Тереңөзек аудандық ауруханасына 26 жасар әйел түсіп, сол күні босанып, ұл тапқан. Содан кейінгі бір ай бойы жас ана ауыр халде жатып, көз жұмған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!