Ақмола облысында ата-анасын ұятқа қалдырмау үшін бір бала асылып өлді

Фотография - Ақмола облысында ата-анасын ұятқа қалдырмау үшін бір бала асылып өлді

Көрнекі сурет

Өлер алдында жазған хатта, ол «ешқандай оқуға түсе алмайтынын» жазған.

435 0

Ақмола облысында 17 жасар бала өзіне қол жұмсады. Ол шатырдың ішінде асылып өлген, деп хабаарлайды Today.kz, құқыққорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

8 тамызда 18:45 Еңбекшілдер ауданының кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшерінен Ақмола облысының Степняк қаласында өз үйінің төбесінде 11-сыныпта оқитын 1999 жылғы жасөспірім асылып өлгені туралы хабар түскені туралы құқыққорғау органындағы ақпарат көзінен мәлім болды.

Ақпарат беруші жас баланың өлер алдында: «Ана, кешір мені. Мен сендерді ұятқа қалдырғым келмейді. Мен ешқандай оқу орынға түсе алмаймын»,-деп хат жазып қалдырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 25 күні Батыс Қазақстан облысындағы Қараөзен ауылында да бір бала өз үйінің қорасында асылып өлген болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!