Жезқазғанда теміржолдағы жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауыр халде жатыр

Фотография - Жезқазғанда теміржолдағы  жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауыр халде жатыр

Фото ашық ақпаарат көздерінен алынған

"Қазақмыс" компаниясыдағы 17 жұмыскердің жарақаттануына себеп болған оқиға себептері анықталып жатыр.

386 0

«Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған маңындағы теміржол өткелінде жолаушы таситын автобус пен тепловоздың қақтығысуы салдарынан зардап шеккен жұмысшыларына материалды көмек көрсетіп, олардың медициналық көмекпен қамтамасыз етілуін қадағалайды», деп хабарлайды Today.kz тілшісі, компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 "Автобуста «Қазақмыс» қызметкерлері болған. Оларға кешенді емдеу-диагностикалық көмек көрсетілді. Екі адам ауыр халде, бірақ дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ»,- деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметінде. 

 Жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізіліп жатқан ресми тергеуден бөлек, «Қазақмыс» өз бастамасымен апаттың себептерін айқындайтын  комиссияны құрып отыр. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, жекеменшік компаниялар құрған комиссиялар анықтаған деректер қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіп жатқан органдар үшін тек ұсыныс ретінде ғана қарастырылады.

 Естеріңізге саламыз, 10 тамыз күні Жезқазған маңындағы теміржол бойында тепловоз бен жолаушы автобусының қақтығысуы нәтижесінде 17 адам зардап шеккен. Жол апаты теміржол өткелінде орын алды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабының («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзуы») 1 тармағы бойынша жүргізіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасының орын алуына жауапты адамдарды анықтайтын сараптамалар тағайындалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!