Риодағы олипиадалық ауылда жарылыс болды

Фотография - Риодағы олипиадалық ауылда жарылыс болды

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Испания мен Нигерия құрама командаларының арасында баскетболдан Олипиада турнирі басталар алдында қараусыз қалған дорба табылды.

373 0

Бразилия саперлері бейсенбі күні  Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық ауылда орналасқан стадиондардың бірінің кіреберісінде қараусыз қалған күдікті сөмкені тауып, ішіндегі заттың не екенін анықтау үшін оны жарып жіберді, деп хабарлайды Today.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары басталғалы бері жанкүйерлер мен журналистерді алаңдатқан бұл алғашқы оқыс оқиға емес. Мәселен, тамыздың үші күні суда жүзу спортына арналған сарай да күдікті сөмке табылғандықтан, жабылған болатын. Ал, тамыздың алтысы күні велотрасса бойында жарылғыш құралға ұқсайтын зат табылып, ол да саперлердің бақылауымен жарылды.

Сонымен бірге, тамыздың жетісі күні байқаусыз қосылып кеткен қауіп дабылы салдарынан баспасөз орталығында да жедел эвакуация жасалған еді. Келесі күні желкен спорты өтетін жерде саперлердің бақылауымен тағы бір жарылыс болды. Ал, тамыздың оны күні олар Комакабан ауданы маңында күдікті болып көрінген тағы бір сөмкені жарып жіберді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!