Таиланд курорттарында бірнеше жарылыс болды

Фотография - Таиланд курорттарында бірнеше жарылыс болды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Төтенше жағдайдың салдарынан бір адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды.

276 0

Таиландтағы Суратхани провинциясында болған екі жарылыстың салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Today.kz, The Nation газетіне сілтеме жасап.

Бірінші жарылыс Ана күніне арналған мерекелік шаралардан кейін теңіз полициясы ғимаратының маңында болған. Екіншісі жергілікті полиция ғимаратының жанында болса керек. Алғашқы жарылыстан жергілікті тұрғын әйел қаза тауып, екі адам жарақаттанды.

Сонымен қатар, Хуахин қаласында  болған жарылыс салдарынан төрт адам жарақат алды.  Thai PBS телеарнасының мәліметтері бойынша, жарылғыш зат қаладағы сағаты бар мұнара жанында іске қосылды.

Полицияның ақпаратына сәйкес, Пхукет қаласында да жарылыс болып, бір адам зардап шеккен.  Жарылғыш зат туристер көп келетін Патонг ауданында іске қосылған.

Сонымен қатар, Пхукет жағажайларынында табылған бір жарылғыш зат зарарсыздандырылды. Ол Лома жағажайынан табылды, - деп хабарлайды жергілікті полиция.

Бұл Таиландта болған алғашқы жарылыстар емес. Тамыздың он бірі Транг провинциясында да жарылыс болып, бір адам қаза тауып, жетеуі жарақат алған еді. Осы күні түнде Хуахин шипажайында да жарылыстың салдарынан бір адам қаза тауып, 21 адам (оның оны шетелдік турист) жарақат алды. Оқиғалардың салдары әлі анықталған жоқ. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!