Қарағандыда көлік жүргізушісі полицейді теуіп, көлігімен басып кете жаздаған

Фотография - Қарағандыда көлік жүргізушісі полицейді теуіп, көлігімен басып кете жаздаған

Фото: ©Арман Мұқатов

23 жасар қарағандылықтың бас бостандығы екі жылға шектелді.

398 0

Қарағандыда әкімшілік хаттамасын толтырып жатқан жол-патрульдік полициясы инспекторын басып кете жаздаған автокөлік иесінің бас бостандығы екі жылға шектелді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі, Қазыбек би аудандық № 1 сотына сілтеме жасап.

 Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, ЖПП инспекторы, сауда үйінің жанында тұрған көліктің алдыңғы мемлекеттік номері жоқ екенін көріп, тәртіп бұзушылық жөніндегі хаттаманы толтыра бастаған. Көп ұзамай, автокөлік қасына оның иесі, 23 жасар қала тұрғыны келіп, полиция қызметкерінің әрекетіне наразылық байқатты. Содан кейін ол артқы мемлекеттік номерді шешіп алып, тұрған орнынан кетуге әрекет жасады.

 "Инспектор оның жолын бөгеп, жүргізушінің көліктен шығуын талап етіп, қолымен терезесін қаққан. Алайда, жүргізуші көлігінен шықпай, артқы жылдамдықты қосып, кері жүре бастады. Инспектор табандылық көрсетіп, көлік терезесін қаға бергеннен кейін, ол шытынап, сынады», - деп мәлімдеді аудандық сотта.

 Ашуланған жүргізуші көлігінен шығып, инспекторды кеуде тұсынан тепкен. Қақтығыс қорытындысында инспектор көлік иесін құрықтады. Заң бұзушы ҚР қылмыстық кодексінің «Билік өкіліне бағынбау» және «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» екі бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

 "ҚР ҚК екі бабында қарастырылған жауапкершілік шараларының қосындысы бойынша 23 жасар сотталушыға бас бостандығыңың 2 жылға шектелуі мен 120 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту тағайындалды", - деп хабарлады сот.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!