ОҚО-нда жоғалып кеткен екіқабат әйелді күйеуі өлтіріп тастағаны анықталды

Фотография - ОҚО-нда жоғалып кеткен екіқабат әйелді күйеуі өлтіріп тастағаны анықталды

Фото: vk.com/@Нурипа Курбанова

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 99-ыншы «адам өлтіру» бабы бойынша соталды тергеу басталды.

564 0


Оңтүстік Қазақстан облысында 27 жастағы Нүрипа Құрбанованы іздеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Today.kz.

«Нүрипа Құрбанованың күйеуі қамауға алынды. Ол әйелін өлтіргенін мойындады. Күйеуі әйелін өлтіріп, оның денесін өзенге қалай және қай жеріне лақтырып жібергенін мәлімдеді. Қазір ол жерде жедел іздестіру тобы жұмыс жасап жатыр. Осы факті бойынша қазір ҚР ҚК 99-ыншы, яғни «адам өлтіру» бабы бойынша соталды тергеу басталды»,-деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Нүрипа Құрбанованың туған сіңілісі Индираның айтуынша, қаза тапқан әйел төртінші балаға жүкті болған. Сонымен қатар ол жоғалған әйел мен оның күйеуі арасында осыған дейін ұрыс-керістер болып тұрғанын және бұл жағдай жөнінде жергілікті полиция білгенін айтады.

«Нүрипаны күйеуі жиі ұрып-соғатын, қылқындыратын. Ол өте қызғаншақ. Бір рет ол Нүрипаны машинамен қағып кеткен. Содан кейін Нүрипа жарақат алып, біраз жүре алмай қалды. Ал, тағы бір қыста күйеуі оны ұрлап, бір тәулік бойы қамауда ұстады. Ол қашып құтылған еді. Нүрипа айырылысқысы келді, бірақ күйеуі: «Егер мені тастасаң, мен бәрін өлтірем»,-деп қорқытты. Ұрып тастағаннан кейін, біз оны сотқа бердік. Сот оны моральдік шығын өтеуге міндеттеген», - дейді Индира Құрбанова.

Тамыздың 10 күні 27 жастағы үш баланың анасы тауар алуға кетіп, үйге оралған жоқ. Кейін оны іздестіруге полиция тартылды. Туыстары оны күйеуі өлтіріп тастауы мүмкін екенін бірден айтқан еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!