ОҚО-нда жоғалып кеткен үш баланың анасы Нүрипа Құрбанованың денесі табылды

Фотография - ОҚО-нда жоғалып кеткен үш баланың анасы Нүрипа Құрбанованың денесі табылды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Нүрипа Құрбанованың денесі Келес өзені маңындағы шұңқырдан табылды

557 0

Оңтүстік Қазақстан облысында 27 жастағы Нурипа Құрбанованың денесі табылды. Күйеуі екіқабат, әрі үш баланың анасы болған әйелін өлтіргенін мойындады,-деп хабарлайды Today.kz аймақтағы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Келес өзені маңындағы шұңқырдан Нүрипа Құрбанованың денесі табылды. Оның денесі осы жерде жатқанын өзінің күйеуі айтты. Тамыздың оны күні Құрбанованың күйеуі алдымен оны ұрып, кейін қылқындырған. Оқиға үйде болған. Кейін денесін көлікпен өзенге апарып тастаған. Қазір оның әйелін не үшін өлтіргені анықталып жатыр»,- деп мәлімдеді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында 27 жастағы Нүрипа Құрбановаға іздеу жарияланғаны туралы белгілі болған еді. Тамыздың 10 күні 27 жастағы үш баланың анасы тауар алуға кетіп, үйге оралған жоқ. Кейін оны іздестіруге полиция тартылды. Туыстары оны күйеуі өлтіріп тастауы мүмкін екенін бірден айтқан еді.

Нүрипа Құрбанованың туған сіңілісі Индираның айтуынша, қаза тапқан әйел төртінші балаға жүкті болған. Сонымен қатар ол жоғалған әйел мен оның күйеуі арасында осыған дейін ұрыс-керістер болып тұрғанын және бұл жағдай жөнінде жергілікті полиция білгенін айтады.

«Нүрипаны күйеуі жиі ұрып-соғатын, қылқындыратын. Ол өте қызғаншақ. Бір рет ол Нүрипаны машинамен қағып кеткен. Содан кейін Нүрипа жарақат алып, біраз жүре алмай қалды. Ал, тағы бір қыста күйеуі оны ұрлап, бір тәулік бойы қамауда ұстады. Ол қашып құтылған еді. Нүрипа айырылысқысы келді, бірақ күйеуі: «Егер мені тастасаң, мен бәрін өлтірем»,-деп қорқытты. Ұрып тастағаннан кейін, біз оны сотқа бердік. Сот оны моральдік шығын өтеуге міндеттеген», - деген болатын Индира Құрбанова.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!