2107

Ақтауда жоғалып кеткен алты жасар қыздың зорланғаны анықталды

Кішкентай қыз облыстық балалар ауруханасында жатыр
Фотография - Ақтауда жоғалып кеткен алты жасар қыздың зорланғаны анықталды Көрнекі сурет

Полиция қызметкерлері алты жасар қызды бес сағаттың ішінде тапты, - деп хабарлайды Today.kz  Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тамыздың жиырмасы күні Маңғыстау облыстық ІІД кезекші бөліміне сағат 13:10 алты жасар қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түсті. Бала шамамен 12:30-да бірінші ықшам ауданда жоғалған. ІІД барлық жеке құрамы баланы іздеуге аттанды. Ол 17:30-да Приморск қаласының ықшам ауданынан табылды. Қазір ҚР ҚК 120-ншы бабы ("Зорлау") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген облыстық ІІД баспасөз мәлідемесінде.  

Баспасөз қызметі әзірге осы факті бойынша ұсталған адамдар туралы ақпарат таратпай отыр. Олардың мәлімдеуінше, ақпарат тергеуге кедергі келтірмеу мақсатында таратылмайды. Қазір алты жасар қыз Ақтаудың балалар ауруханасында жатыр.

Естеріңізге салайық, Ақтауда алты жасар қызды ұрлап, зорлап тастаған. Төтенше жағдай тамыздың 20  күні қаланың №1 ықшам ауданында болды. Полицейлер оны бірнеше сағаттан кейін қансырап жатқан жерінен тапқан. Дәрігерлердің айтуынша, енді жарты сағат кешіккенде, оның тірі қалуы екі талай болған. 

Продолжение

Оқыс оқиға
Полиция жүргізушілерден бейнетіркеуіштегі жазбаларын тексеруді өтінеді.
Оқыс оқиға
Бала тағдырына бейжай қарай алмайтын жергілікті кәсіпкер күдікті туралы ақпарат үшін 100 мың теңге төлеуге әзір.
Оқыс оқиға
Еркектің қылмысқа қатысы әлі дәлелденген жоқ
Оқыс оқиға
Кембридж және Вена Университеттерінің профессорларынан кеңес алу жоспарланған
Оқыс оқиға
Полицейлер оны тамыздың 23 күні тұтқындады.