Астанада екі баланы басып кеткен Hummer бейнекамераға түсіп қалған

Фотография - Астанада екі баланы басып кеткен Hummer бейнекамераға түсіп қалған

Жеке мұрағаттан алынған фото

Жазбада көлік жүргізушісі қатты келіп, тіпті бұрылыста да жылдамдықты бәсеңдетпегені көрініп тұр

536 1

Today.kz редакциясына оқиға орнында сыртқы бақылау камерасына жазылған бейнетаспа түсті. Роликте Hummerдің ауладан өтіп бара жатқаны, ол бұрылған бойда оқыс жағдай болып, бір баланың селк етіп, қашқаны көрініп тұр.  


"Бейнежазбада оның қатты келіп бұрылғаны көрініп тұр. Бір баланың селк етіп, қашқаны да көрініп тұр. Шамамен үшінші бала осы болу керек. Содан кейін, адамдар оқиға болған жерге жинала бастайды. Менің түсінгенім, жүргізуші қатты келгендіктен, бұрылыста келе жатқан балаларды көргенде, көлікті тежеп үлгермеді. Жүргізушінің туыстары «арызыңды қайтарып ал» деген әңгіме айтқан жоқ. Олар да күйзеліс үстінде болса керек, алайда мұның бәрі менің жағдайымды жеңілдетпейді", - деп, өз блогында бейнетаспаға комментарий жазған,  зардап шеккен баланың анасы Анастасия Ли.

Сонымен бірге ол, қазір баласының жағдайы жақсарып, оны реанимациядан палатаға көшіргенін айтқан.

"Кеше оны реанимациядан палатаға көшірді. Мен тәулік бойы оның жанындамын. Антон оқиғаны есіне түсіре алмады. Тек үйге келе жатқанын, кейін ұйықтап қалғанын ғана біледі. Мен баламды басып кеткен жүргізушінің туыстары мен оның өзін де көрдім. Туыстары өкінішті жағдай екенін айтады. Кез келген көмек беруге дайын. Мен оларға қарсы өшігіп отырған жоқпын. Баланы басып кеткен жігіт: «кез келген жазаны көтеруге дайын» екенін айтты. Кешірім сұрады. Маған, ана ретінде, ұлымның жазылып кеткені ғана маңызды", - дейді Антонның анасы.

Естеріңізге салайық, оқиға тамыздың 16 күні 19:00 Жәнібек Тархан көшесінде болды. Куәгерлердің айтуынша, Hummer маркалы автокөлік футбол алаңынан келе жатқан екі баланы басып кетеді. Біреуі 10 жасар Антон Силаев хәл үстінде ауруханаға жеткізілді. Екінші баланың екі аяғы сынған. Жүргізушінің айтуынша, балалар тұрақта тұрған көліктің артынан жүгіріп шыққан, ал ол тежеуішті басып үлгермей қалса керек. 


Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Эльмира 23 там. 2016

Маскара балдарга обал гой денсаулыкты ешким сатып ала алмайды емеспе миллион акшан болса да

Жауап беру