Ерасыл Әубәкіровтың анасы: Мен енді ешкімге сенбеймін

Фотография - Ерасыл Әубәкіровтың анасы: Мен енді ешкімге сенбеймін

Фото: today.kz

Ерасыл Әубәкіровтың анасын ұлының өліміне қатысты жүргізіліп жатқан сот тыңдауына қатыстырған жоқ

611 0


Ерасыл Әубәкіровтың анасын ұлының өліміне қатысты сот тыңдауына қатыстырған жоқ,-деп хабарлайды Today.kz. 22 тамызда Кенжегүл Әубәкірова тілшілерге сұхбат берді.

"Олар бәрін (істің жабық режимде қаралуы туралы) өздері шешіп қойған. Менің ұлым ештеңеге кінәлі емес. Аянды босатқаннан кейін, мен ешкімге сенбеймін. Оларды қамауға алған кезде менде әділдікке деген үміт болған. Алайда, Аян Мейірбаевты босатып жібергеннен кейін, мен ешкімге сенбеймін. Мен өз ұлымды жақсы білемін. Ол ештеңеге кінәлі емес. Ол кейбіреулер айтып жүргендей жаман адам емес. Мен үшін бәрі өкінішті. Біз ұлымыздың нағыз патриот болғанымен мақтанамыз, ол нағыз ер болды. Егер біреулер судан таза болып шықса да, оған жазасын Алла береді. Мен енді тек Аллаға ғана сенемін", - деді Кенжегүл Әубәкірова.  

Ерасыл Әубәкіровтың әкесі сұхбат беруден бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров ақпанның 3 күні Астанада жоғалып кеткен еді. Оны бір апта бойы полицейлер мен еріктілер іздеді. Ақпанның 10 күніне қараған түнде оның мүрдесі табылды. Кейін оны қинап жатқаны түсірілген бейнетаспа ғаламтор арқылы тарап кетті. 12 ақпан күні ҚР ІІМ сараптама нәтижесі оны қинап өлтіргенін анықтады. Ақпараттың тысқа шығып кетуіне байланысты соталды тергеу екі рет жүргізілді.

Студенттің өліміне қатысты төрт адам тұтқындалды. Оның бірі Өскемендегі ірі кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев болатын. Алайда, оның әрекеттерінен ешқандай қылмыстық іс табылмағандықтан, ол босатылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!