Астанада Матаевтардың ісі бойынша сот процесі басталды

Фотография - Астанада Матаевтардың ісі бойынша сот процесі басталды

Фото: today.kz

Прокурордың сөзінен кейін Сейітқазы Матаев уақытты үнемдемей, айыптау нұсқасын толық оқып шығуды сұрады.

360 1

Астанада  Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев пен «КазТАГ» ақпараттық агенттігінің бас директоры  Әсет Матаевтың ісі бойынша сот процесі басталды. Олар алаяқтық пен салықты төлеуден тас тартқаны үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Today.kz. Судья Ақболат Құрмантаев Матаевтар мен қорғаушылардан қылмыстық істен қажетті дәйектерді алып тастау туралы өтініштердің түскен-түспегені туралы сұрады. Айыпталушылар мен қорғаушылар мұндай өтініштер жоқ екенін айтты. Содан кейін судья прокурорға сөз берді.

"2011 жылдың басында Сейітқазы Матаев, «Ұлттық баспасөз клубы" ҚҰ-ның президенті бола тұра, заңсыз байып кету жолын ойластырған. Бәрін жан-жақты сараптап, қолда бар ақпаратты сәйкестендіріп алған соң, ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын ұрлауға кіріседі. Бұл үшін ол беделін пайдаланып, өзінің бақылауындағы «НПК» ҚҰ-мен «Қазақтелеком» АҚ қызметін жарнамалау туралы келісім жасайды. Кейін «Қазақтелеком» АҚ мамандарын қасана шатыстырып, заңсыз ақша алып отырған. Ұрланған қаражаттың жалпы көлемі 143 миллион теңге", - деп мәлімдеді мемлекеттік айыыптаушы Ержан Құрақбаев.

Айыптаушы нұсқасы бойынша Сейітқазы Матаев 2010-2015  жылдар аралығында Әсет Матаевпен алдына ала келісу арқылы мемлекеттік сатып алу саласында бюджет қаржысын ұрлаған. "Құжаттар Әсет Матаевтың «КазТАГ» мекемесі ғана тендерді ұтып алатындай етіп рәсімделген. Бұл заңға қайшы. (...) Мысалы, 2013  жылы кемінде бес-жеті материалды аптасына үш рет шығару талап етілген. Іс жүзінде олар бір-ақ рет шығарылған, кейде тіпті шығарылмаған. Архивте есепке тіркеліп отыруға тиісті материалдар жоқ", – деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы.

Орындалған істің актілеріне, прокурордың сөзі бойынша, «көз жұмып» қол қойып отырған.

Оның пайымдауынша, «КазТАГ» МАА арқылы ұрланған ақшаның жалпы көлемі 169 миллионов теңгені құрайды. Сонымен қатар, тергеу нұсқасы бойынша, Сейітқазы Матаев 2011-2015 жылдары 216 952 683 теңге көлемінде салық төлемеген. Қазіргі уақытта ол 47 миллионов теңге салықты бюджетке қайтарған.

Сейітқазы Матаев тағылған айыптармен өзінің келіспейтінін, әрі мемлекеттік айыптаушы істі толық оқып шықпағанымен келіспейтінін айтты.

"Түсініксіз, өйткені, қылмыстық іс 165 беттен тұрады, ал прокурор соның тек 46 бетін оқыды. Түсінбеймін, неге ол 2011 жылы болған «Қазақтелеком» АҚ-на қатысты қаржы жымқыру туралы айтады да, ал 2012 жылы не болғанын айтпайды? Байланыс комитеті бойынша: 2010 жылды атап өттіңіз де, неге 2012, 2013, 2014, 2015 жылдарды тастап кеттіңіз? Неге «секіріп» отырсыз? Мұнда адамдар, ана залда тілшілер отыр ғой", -  деді Сейітқазы Матаев.

Ол материалды уақытты үнемдеу қажетілігін сылтауратып қысқартпай, толық оқуды сұрады. Сонымен қатар, Матаев айыптың барлығы ойдан құрастырылғанын, бірде-бір дәйектің жоқтығын мәлімдеді.

"Сіз жұмысыңызды жеңілдетпеңіз. Біз сегіз ай бойы тергеуде болдық, алты ай тұтқындамыз. (...) Бізге айып тағылып отыр. Біз де бәрін тізіп отырмыз. Біз мемлекеттік айыптаушы айыпты толық оқиды деп келдік. Уақыт үнемдеу деген не? Біз жеті ай бойы отырдық. Ал сіз ше? Айып туралы толық мәлімет беріңіз. Біз келіспейміз. Өйткені, ешқандай дәйек пен нақты фактілер жоқ. Тек ойдан құрастырылған бірдеңелер. Олар Матаев қасақана ақша ұрлауды ойлаған деп отыр. Мен қалай ойлаған екем? " – деп қосты Сейітқазы Матаев.

Естеріңізге салайық, 22 ақпанда Алматының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевтың жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қатысы бар деген ақпарат таратты. Сол күні ол тұтқындалып,  24 ақпан күні үйқамаққа алынды.

Сейітқазы Матаевқа ҚР ҚК 190 бабы, яғни «аса ірі көлемдегі алаяқтық» және 245 бабы, яғни «салық төлеуден жалтару», Әсет Матаевқа ҚР ҚК 190 бабы «аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша айып тағылып отыр.

ҚР ҚК 65 бабына сәйкес жасаған ісіне өкінгені және тергеуге көмек бергені үшін Байланыс комитеті мен «Қазақтелеком» мамандары қылмыстық жазадан босатылды.

Сейітқазы және Әсет Матаевтардың ісі бойынша сот тыңдауы тамыздың үші күні болды. Істі жүргізіп жатқан судья Ақболат Құрмантаев. Айыпталушылар үшін бірден үш қорғаушы жұмыс істеп жатыр. Сот қорғаушылардың өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевты тұтқындау әрекеті қоғамда үлкен дау тудырды. Оларды журналистер қауымы мен интелегенция өкілдері жақтап отыр. 



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Дамира 24 там. 10:53

Матаев ісі бойынша қылмыскерлер жазасын тартуы керек. Алайда зерттелетін, дәлелденетін тұстары көп сияқты.

Жауап беру