Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктіні табу үшін кәсіпкер ақша тікті

Фотография - Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктіні табу үшін кәсіпкер ақша тікті

Фото Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінен алынды

Бала тағдырына бейжай қарай алмайтын жергілікті кәсіпкер күдікті туралы ақпарат үшін 100 мың теңге төлеуге әзір.

495 0


Ақтаудағы алты жасар қызды зорлаған күдіктіні табуға септігін тигізген ақпарат үшін жергілікті тұрғын 100 мың теңге тікті. Ол бала ұрлаған сәттің куәгерлері табылатынына сенімді, -деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы ол әлеуметтік желіге жазған.

«Екі күннің ішіндегі іздеу шаралары  ешқандай нәтиже бермей жатыр. Мен өзім он жасар қыздың әкесімін. Менің қандай сезімде екенімді өздеріңіз түсінетін шығарсыздар. Бұл дүкеннен бір бөлке нан ұрлаған ұры емес. Мұндай адам біздің арамызда қалай жер басып жүреді? Ол аздай бостандықта? Меніңше, әркім қолынан келгенше көмек беріп, ол адамды, егер адам деп айтуға болса..., табу керек. Жағдай қиын. Ана жақта бала өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр. Мен қарапайым, бірақ патриот адаммын. Осы жерде тудым, осында өмір сүремін. Сондықтан, көмектескім келеді. Мен криминалистиканы оқыған адаммын. Екі жоғарғы білімім бар. Мен оқиғаның куәгерлері қалайда табылатынына сенімдімін. Ол мүмкін айтуға қорқып, не айтқысы келмей отырған шығар. Менің ұсынысым оларды ынталандыратын шығар. Мүмкін қандай да болсын нәтиже әкелер», - дейді автоқызмет көрсететін мекеме иесі Александр.

Ер адам фамилиясын, мекеменің атауы мен мекен-жайын көрсетуден бас тартты.  Ол мұндай қадамға пиар жасау үшін емес, жақсылық жасау үшін барғанын айтады. Бұдан өзге ол осы қызға көмек көрсету үшін жылу жинауға дайын екенін жеткізді.

«Мен осы тіккен ақшаға қосымша, қыз бала үшін жылу жинауға кірісемін. Кішкентай қызға ойыншықтар мен қажетін әперіп, көңіл бөлу керек. Оған ем жасау керек. Менің түсінуімше, оның әке-шешесі ауқатты адамдар емес. Сондықтан, барлығын оған көмек көрсетуге шақырамын. Жақсы психологтардың көмегі қажет шығар. Ақша жиналсақ, ол да мүмкін шаруа. Жағдай қиын. Бұл қалай сонда? Бала небары алты жаста! Анау екіаяқтыны табу керек!», - деп қорытындылады ол сөзін.

Естеріңізге салайық, Ақтау полициясы алты жасар қызды зорлаған күдіктінің нобайын суреттеп берген еді. Полиция қазір Daewoo Nexia маркалы көлікті іздеп жатыр. Оны 35-45 жас шамасындағы мұртты азиат жүргізген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тамыздың 20-сы күні сағат 12:00 мен 13:30 аралығында бірінші ықшам ауданындағы №29 үйдегі "Иваныч" дүкеніне баратын жолмен жүрген жүргізушілерден бейне тіркеуіштерін тексеруді сұрайды.

Бүгін күдікті түсіп қалған бейнежазба да жария етілді. 

Естеріңізге болса, Ақтауда белгісіз біреу алты жасар қызды ұрлап, зорлап тастаған. Төтенше жағдай тамыздың 20  күні қаланың №1 ықшам ауданында болды. Полицейлер оны бірнеше сағаттан кейін қансырап жатқан жерінен тапқан. Дәрігерлердің айтуынша, енді жарты сағат кешіккенде, оның тірі қалуы екі талай болған.

ҚР ҚК 120-бабы («Зорлау») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!