Алматыда Қазақстанның ең сәнқой әйелі қамауға алынды

Фотография - Алматыда Қазақстанның ең сәнқой әйелі қамауға алынды

Фото: buro247.kz

Лилия Рах ҚР ҚК 125-бабы (адам ұрлау) бойынша тұтқындалды

743 0


Алматыда қазақстандық белгілі байер Лилия Рах қамауға алынды. Бұл ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растап отыр,-деп хабарлайды Today.kz.

«Шынымен, шілденің отызы күні Лилия Рах қамауға алынды. Ол екі ай уақытша тергеу изоляторында болады. Істің бүге-шүгесі туралы айта алмаймын», - деді баспасөз қызметідегілер.  

Алматыдағы Алмалы аудандық соты ақсүйек ханымды ҚР ҚК 125 бабына («адам ұрлау») сәйкес тұтқынға алған.  

Ақпарат көзінің берген мәліметі бойынша, Рахтың айналасындағы бір адаммен болған келіспеушілік салдары болса керек.

Лилия Рах Семей педагогикалық институтын "физик-математик" мамандығы бойынша бітірген. Сән әлеміне 1988 жылы, ал Қазақстан нарығына 1996 жылы келген. Dior, Oscar de la Renta, Marc Jacobs, Prada, Alexander McQueen, TOD’s, Gianfranco Ferre, Valentino, Roberto Cavalli, Missoni, Chloe, Ralph Rucci сияқты әлемдік деңгейдегі брендтердің тауарларын сататын Алматыда 13, Астанада 2 дүкен ашқан. Лилия Рах әлемдегі ықпалы мықты 500 адамның тізімінде. 

Лилия Рахтың "Территория высокой моды Sauvage" атты  дүкеніндегілер Today.kz тілшісіне «қазір ол демалыста» деп отыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!