Қарағандыда дүкен сатушысын ұрлап әкетіп, азаптаған екі адам ұсталды

Фотография - Қарағандыда дүкен сатушысын ұрлап әкетіп, азаптаған екі адам ұсталды

Көрнекі сурет

Әйелді шешіндіріп, денесіне темекі тұқылын өшірген.

525 0

Қарағандыда екі адамның дүкен сатушысын ұрлап әкетіп, оны азаптағаны анықталды,-деп хабарлайды Today.kz Қазыбек би аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

Әбден масайып алған еркек пен әйел түнде дүкенге келіп, арақ сатып алмақ болса керек. Мекемеде тек сатушы отырғанын көріп, сауда сөресінің артына өтіп, сатушыны ұрып тастаған. Бұдан кейін еркек оны зорлап тастайды. Есінен танған сатушыны қылмыскерлер үйіне алып кетеді де, оны одан әрі азаптайды. Мәселен, оның денесіне темекі тұқылын өшірген,- делінген мәлімдемеде.

Дүкен түні бойы ашық қалған. Алайда, тонау фактісі тіркелген жоқ.

Бір тәуліктен кейін сатушы қылмыскерлердің мас күйінде ұйықтап қалғанын пайдаланып, қашып шығып кеткен.

«Қарағанды ІІБ орталық аудандық ІІБ-нің полицейлері екі күдіктіні ұстады. Олар уақытша тергеу изоляторына тоғытылды»,- деп хабарлайды аудандық прокуратура.

Тұтқындалғандарға ҚР ҚК 125-бап (адам ұрлау), 110-бап (азаптау), 120-бап (зорлау) бойынша айып тағылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!