Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Фотография - Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Фото: Youtube/@TumbaKz

Полицейлер оны тамыздың 23 күні тұтқындады.

915 0


Маңғыстау облысының полицейлері Ақтаудағы алты жасар қызды зорлаған күдіктіні қолға түсірді. Ол "Иваныч" дүкеніндегі бейнекамераға түсіп қалған болатын,-деп хабарлайды Today.kz аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол тамыздың 23 күні ұсталды.

«Іздеуге алынған ер адам ұсталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қазір оның айыпты екенін анықтау үшін тиісті шараларды атқарып жатыр. Бірнеше сараптама жүргізіледі. Оның кім екені анықталды, сондықтан полиция бейнетаспаны жариялауды доғаруды сұрайды. Өзге ақпарат тергеуге кедергі келтірмеу мақсатында әзірге таратылмайды», - дейді аймақтың ІІД баспасөз қызметінің маманы Шолпан Юлдашева.

Естеріңізге болса, Ақтауда белгісіз біреу алты жасар қызды ұрлап, азаптап, зорлап тастаған еді. Төтенше жағдай тамыздың 20  күні қаланың №1 ықшам ауданында болды. Полицейлер оны бірнеше сағаттан кейін қансырап жатқан жерінен тапқан. Дәрігерлердің айтуынша, енді жарты сағат кешіккенде, кішкентай қыздың тірі қалуы екі талай болған. Қазір ол ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер психикасына зиян келмеу үшін оның есін жидыруға асықпайды.  

Ақтау полициясы алты жасар қызды зорлаған күдіктінің нобайын суреттеп берген еді. Полиция қазір Daewoo Nexia маркалы көлікті жүргізген ер адамды (35-45 жас шамасындағы мұртты азиат) іздеді.  Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тамыздың 20-сы күні сағат 12:00 мен 13:30 аралығында бірінші ықшам ауданындағы №29 үйдегі "Иваныч" дүкеніне баратын жолмен жүрген жүргізушілерден бейне тіркеуіштерін тексеруді сұраған болатын. Кейін ғаламторда күдікті түсіп қалған бейнежазба да жария етілді.

ҚР ҚК 120-бабы («Зорлау») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Арада үш күн өткеннен кейін Ақтаудағы алты жасар қызды зорлаған күдіктіні табуға септігін тигізеген ақпарат үшін жергілікті тұрғын 100 мың теңге тікті. Александр есімді азамат бала ұрлаған сәттің куәгерлері табылатынына сенімді болған еді. Ер адам фамилиясын, мекеменің атауы мен мекен-жайын көрсетуден бас тартты.  Ол мұндай қадамға пиар жасау үшін емес, тек жақсылық жасау үшін барғанын айтты. Бұдан өзге ол осы қызға көмек көрсету үшін жылу жинауға дайын екенін жеткізген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!