Қазақстандық әйгілі байер Лилия Рахты тұтқындау себебі белгілі болды

Фотография - Қазақстандық әйгілі байер Лилия Рахты тұтқындау себебі белгілі болды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Адам ұрлау фактісі бойынша төрт адам тұтқындалған.

507 0


Алматыда қазақстандық әйгілі байер Лилия Рахтың адам ұрлау фактісі бойынша қамалғанына қатысты қосымша деректер пайда болды,-деп хабарлайды Today.kz Алматы ІІД баспасөз қызметіне жасалған ресми сауалға берілген жауапқа сілтеме жасап.

«Маусымның тоғызы күні Алматы қаласының полициясына 33 жастағы Өзбекстан азаматының үз-түссіз жоғалғаны туралы арыз түсті. Жедел тергеу шараларын жүргізу барысында оның ұрланып, жалдамалы пәтерде қамалып ұсталғаны анықталды. Полиция қызметкерлер оның мекен-жайын анықтап, тауып, босатты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт адам, оның ішінде Лилия Рах та ұсталды», - делінген Today.kz-тің ведомствоға жолдаған ресми сауалына берілген жауапта.

ҚР ҚК 125-бабы (адам ұрлау) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда адам ұрлады деген күдікпен әйгілі қазақстандық байер Лилия Рах ұсталды.  30 шілде күні ол екі айға уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның достары қазаақстандықтарды әзір қандай да бір қорытынды жасауға асықтауға шақырады. Олардың пайымдауынша, сән интустриясында оның беделі жоғары. 

Лилия Рах Семей педагогикалық институтын "физик-математик" мамандығы бойынша бітірген. Сән әлеміне 1988 жылы, ал Қазақстан нарығына 1996 жылы келген. Dior, Oscar de la Renta, Marc Jacobs, Prada, Alexander McQueen, TOD’s, Gianfranco Ferre, Valentino, Roberto Cavalli, Missoni, Chloe, Ralph Rucci сияқты әлемдік деңгейдегі брендтердің тауарларын сататын Алматыда 13, Астанада 2 дүкен ашқан. Лилия Рах әлемдегі ықпалы мықты 500 адамның тізімінде. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!