Шымкентте нәресте саудасымен айналысқандар ісі бойынша сот үкімі шықты

Фотография - Шымкентте нәресте саудасымен айналысқандар ісі бойынша сот үкімі шықты

Фото: otyrar.kz

Нәресте саудасымен айналысқан қылмыстық топқа медицина мекемесінің екі жұмыскері кірген.

319 0

Шымкенттегі облыстық перинаталды орталықта нәресте саудасымен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, -деп хабарлайды Today.kz, Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап. Қылмыстық топқа медициналық мекеменің екі қызметкері кірген. Перзентхана бөлімінің меңгерушісі 10 жылға, ал дәрігер-акушер 11 жылға бас бостандығынан айрылды.

Екі жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижесінде балаларды заңсыз асырауға жол берген 21 факт тіркелген. Әйелдердің бірінде қазір кәмелетке жетпеген бір бала қалған. Қазір оның тағдырын бала асырау және қомқорлыққа алуға қатысты органдар шешеді.

"Осы іс бойынша қорғаншылық және қамқорлық қызметін жүзеге асыратын органдарға, кәмелетке толмаған Мәмековаға және осы іске қатысы бар заңсыз асыралған балалар қатысты қаулы шықты»,-дейді судья Әбинұр Қарабаева.

Естеріңізге салайық, Шымкенттегі перзентханалардың бірінде бөлім меңгерушісі мен дәрігер-акушер 2010-2013 жылдар аралығында нәресте саудасымен айналысқан. Прокуратура хабарлағандай, 2015 жылдың қарашасынан бастап, 2016 жылдың мамыр айына дейін нәресте саудасына қатысты 22 эпизод бойынша тергеу жүргізілген. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар алты адам анықталды.

Облыстық прокуротураның басқаруымен жедел-тергеу топтары құрылып, балалар, оларды асыраушылар мен биологиялық әке-шешелерінен молекулярлы-генетикалық сараптама үшін материалдар алынған. Шымкенттегі сот сараптама институтында 100-ден аса сараптама жасалды.  

Тергеу және жедел іздестіру шаралары Шымкент, Тараз, Астана, Алматы, Қызылорда, Кентау, Созақ, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарында жүргізілген.

Тергеу барысында екі адам өзінің кінәсін мойындап, олар бес жылға бас бостандықтарынан айрылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!