Назарбаев Италияның Премьер-Министріне жер сілкінісіне қатысты көңіл айтты

Фотография - Назарбаев Италияның Премьер-Министріне жер сілкінісіне қатысты көңіл айтты

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Қазақстан достас Италияға көмектесуге дайын

461 0


Мемлекет басшысы Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады,-деп хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Апенин түбегінің орталық бөлігіндегі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті достас Италияға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 24 күні Италияның Терни қаласында  магнитудасы 6,3 балл жерасты дүмпуі тіркелді.  Европалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталықтың мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы  Асколи-Пичено қаласынан 24 километр, Л'Акуиладан 50 километр қашықтықта және екі километр тереңдікте болған. Құрбан болғандар бар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!