Лилия Рахтың ісі бойынша зардап шеккен адам оған ірі көлемде қарыз болған – БАҚ

Фотография - Лилия Рахтың ісі бойынша зардап шеккен адам оған ірі көлемде қарыз болған – БАҚ

Фото: ©Алмаз Төлеке

Қазақстандық ақсүйек ханым кепілге өзінің бұрынғы бизнес-әріптесін алған.

296 0


Алматылық ақсүйек ханым Лилия Рахтың ісіне қатысты кейбір жайлар белгілі болды, - деп хабарлайды Today.kz, "Время" газетіне сілтеме жасап. Басылымның ақпараты бойынша, 33 жастағы Өзбекстан азаматы оның бұрынғы бизнес-әріптесі болған.

Хамид (аты өзгертілген) Рахтан сауда жасау мақсатында құны 100 мыңнан  200 мың долларға дейінгі әлемдік брендтік тауарлар алған. Газеттің ақпараты бойынша, әріптестер қаражатты қайтару мерзімі туралы келісім жасаған. Алайда, ер адам мұны қайтара алмай, Рах ханымның шамына тиеді. Салдарынан Рахтың телефон арқылы шалған қоңырауларына жауап бермейді.

Хамидтің Алматыға ұшып келетінін білген Рах өзіне таныс үш азаматты әуежайға оны күтіп алуға жібереді. Басылымның мәліметі бойынша, олар кіреберістен Хамидты қарсы алып, жалдамалы үйге әкелген.  Хамидтің азапталғаны туралы мәлімет жоқ.

Атап өтейік, Today.kz редакциясының ресми сауалынан кейін тамыздың 23 күні Алматы ІІД адам ұрлады деген күдікпен қазақстандық әйгілі байер Лилия Рахтың тұтқындалғаны туралы мәлімдеген еді.

«Маусымның тоғызы күні Алматы қаласының полициясына 33 жастағы Өзбекстан азаматының үз-түссіз жоғалғаны туралы арыз түсті. Жедел тергеу шараларын жүргізу барысында оның ұрланып, жалдамалы пәтерде қамалып ұсталғаны анықталды. Полиция қызметкерлер оның мекен-жайын анықтап, тауып, босатты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт адам, оның ішінде Лилия Рах та ұсталды», - делінген Today.kz-тің ведомствоға жолдаған ресми сауалына берілген жауапта.

ҚР ҚК 125-бабы (адам ұрлау) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда адам ұрлады деген күдікпен әйгілі қазақстандық байер Лилия Рах ұсталды.  30 шілде күні ол екі айға уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның достары қазаақстандықтарды әзір қандай да бір қорытынды жасауға асықтауға шақырады. Олардың пайымдауынша, сән интустриясында оның беделі жоғары.

 Лилия Рах Семей педагогикалық институтын "физик-математик" мамандығы бойынша бітірген. Сән әлеміне 1988 жылы, ал Қазақстан нарығына 1996 жылы келген. Dior, Oscar de la Renta, Marc Jacobs, Prada, Alexander McQueen, TOD’s, Gianfranco Ferre, Valentino, Roberto Cavalli, Missoni, Chloe, Ralph Rucci сияқты әлемдік деңгейдегі брендтердің тауарларын сататын Алматыда 13, Астанада 2 дүкен ашқан. Лилия Рах әлемдегі ықпалы мықты 500 адамның тізімінде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!