Есікте топ болып зорлаған жігіттердің төртіншісі ұсталды

Фотография - Есікте топ болып зорлаған жігіттердің төртіншісі ұсталды

Фото: today.kz

Жігіттер уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.

843 0

Алматы облысындағы Есікте топ болып зорлағандардың төртіншісі ұсталды. Бұл ақпаратты аймақтық ІІД баспасөз қызметі растап отыр, -деп хабарлайды Today.kz.

«Топ болып зорлағандардың төртіншісі ұсталды. Оның есімі Нұрбол, 24 жаста. Еңбекші қазақ ауданының тұрғыны, Орталық Қазақстанның тумасы. Туыстарының үйінде тығылып жатқаны анықталды. Қазір ол уақытша тергеу изоляторында. Енді Марина және Юлия есімді екі қызға іздеу жарияланды. Олардың осы іске қатысы болуы мүмкін. Шамамен жастары 30-дың шамасында», - деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Естеріңізге салайық, Еңбекші қазақ ауданының тұрғыны төрт еркекті қызын зорлап кетті деп айыптаған еді.  Әлеуметтік желіге салынған бейнежолдауда әйел адам тамыздың он төртіне қараған түні отбасылық  мерекеден кейін қызы өзінің ағасымен кафеден далаға шығып, кейін бір топ жігіттің соққысына тап болғанын айтқан. Зардап шеккен қыздың айтуынша, ағасын бұзақылар ұрып тастайды да, өзін көлікке салып алып кетеді. Кейін осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды.

 Тамыздың 21 күні полицейлер үшінші күдіктіні ұстады. Оларға ҚР ҚК «зорлау», «адам ұрлау», «бұзақылық» баптары бойынша айып тағылды. Ал, осы оқиғаға құқық қорғау органының қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратты полицейлер жоққа шығарды.

Тамыздың 23 күні ұсталған үш адам уақытша тергеу изоляторына қамалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!