Италия орталығындағы жер сілкінісінің құрбандары 247-ге жетті

Фотография - Италия орталығындағы жер сілкінісінің құрбандары 247-ге жетті

Фото: ©ANGELO CARCONI

Аматриче, Пескара-дель-Тронто, Аккумоли тұрғылықты мекендерде зардап шеккендерді іздеу жалғасып жатыр.

630 0


Италия орталығындағы жер сілкінісінің құрбандары 247-ге жетті. Бұл туралы ақпаратты ANSA агенттігі Азаматтық қорғаныс департаментіне сілтеме  жасау арқылы таратып отыр, - деп хабарлайды Today.kz.

Қазір Аматриче, Пескара-дель-Тронто, Аккумоли, Аркуата тұрғылықты мекендерінде зардап шеккендерді іздеу шарасы жүріп жатыр.

Осыған дейін жер сілкінісінен 159 адам қаза тапқаны туралы айтылған еді.

Естеріңізге салайық, магнитудасы 6,0 балл жер сілкінісі тамыздың 24 күні жергілікті уақыт бойынша шамамен  03:36 болды. Соңынан магнитудасы 5,4 балл жер асты дүмпуі болды. Апеннин тауларының басым бөлігінде болған дүмпулер Перудже, Риети, Норче қалаларында сезілген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Риети қаласында, төрт километрлік тереңдікте болса керек.  

Осы жайтқа байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-министрі Маттео Ренциге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы достас Италияға көмек беруге дайын екенін айтып, зардап шеккендерге тез айығуларын тіледі.

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов те Италиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!