Күйеуімен ұрысқаннан кейін жоғалып кеткен әйел баласымен Семейден табылды

Фотография - Күйеуімен ұрысқаннан кейін жоғалып кеткен әйел баласымен Семейден табылды

Фото жеке мұрағаттан алынған

Қарағанды полициясы оларды екі ай бойы із-түссіз жоғалғандар ретінде іздеді.

523 0

Қарағанды облыстық ІІД полицейлері күйеуімен ұрысып қалғаннан кейін жоғалып кеткен Зайсан тұрғыны отыз жастағы әйелді төрт жасар баласымен тапты, - деп хабарлайды Today.kz, аймақтың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды екі бойы із-түссіз жоғалғандар ретінде іздеген болатын.

«Бүгін Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері оны баласымен Семейден тапты. Аман-есен. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оның неге бұл жаққа кеткені анықталып жатыр. Қазір олар Қарағандыға қайтарылуда», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде күні отыз жастағы Әбішева Мөлдір Бейбітжанқызы өзінің төрт жасар ұлы Нүктенов Әл-Ануар Асылбекұлымен бірге Шығыс Қазақстан обылысына қарасты Зайсан ауданындағы үйінен шығып, жоғалып кеткен болатын.  Сол күні Мөлдір өзінің күйеуімен ұрысып қалған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!