Қызын зорлаған педофил-әкені әйелі кешірді

Фотография - Қызын зорлаған педофил-әкені әйелі кешірді

Фото: today.kz

15 жасар қызын әкесі бірнеше ай бойы зорлап келген

485 0

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық сот 43 жастағы еркекке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Today.kz. Материалдағы мәліметтер бойынша, өгей әкесі өзінің өгей қызын бірнеше ай бойы, нақтырақ айтсақ,  2015 жылдың қарашасынан 2016 қаңтар айына дейін зорлап келген. Оқиға үнемі өздерінің пәтерінде, азаматтық некеде тұратын әйелі үйде болмаған кезде, болып отырған. Анасы бұл жайт туралы өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызы жағдайының ауырлап кеткеніне байланысты ауруханаға барған кезде ғана білген. Кейін оның 16 жасар қызы екіқабат екені анықталды. Айыпталушы өз кінәсін мойындамай келген еді. Оның небары сегіз сыныптық білімі бар екені, малшы, әрі бұрын сотталғандығы белгілі.

«Рахметов Арман Жакежайұлын ҚР ҚК 120-ыншы, яғни «кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 11  жылға қатаң режимдегі колонияға тоғыту арқылы бас бостандығынан айыру түрінде жазаға тартылсын», - деп Қабиболла Байғоншеков үкім шығарды.

Алайда, сот соңында алған сөзі кезінде зардап шеккен қыздың анасы азаматтық некедегі күйеуін кешіргенін айтып, оны аз мерзімге жазаға тартуды сұрады. Ал, прокурор оны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Санкция бойынша ол, тіпті 15 жылға дейін жазасын өтеуге тиіс болатын. Алайда, айыптаушы тергеу барысында оған негіз болатын жайттар табылмағандықтан, мұндай жазаға тарта алмағанын айтты.

43 жастағы педофил 278 мың теңге көлемінде сот шығыындарын өтеуі тиіс. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!