Ақтауда зорланған алты жасар қыз әлі ес-түссіз жатыр – дәрігерлер

Фотография - Ақтауда зорланған алты жасар қыз әлі ес-түссіз жатыр – дәрігерлер

Фото: today.kz

Кембридж және Вена Университеттерінің профессорларынан кеңес алу жоспарланған

858 0


 Ақтауда зорланған алты жасар сәби Астанадағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталықтың анестезиология және реанимация бөлімінде ауыр хәлде жатыр, -деп хабарлайды Today.kz University Medical Center корпораативтік қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республикалық санитарлық авиация құрамындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының анестезиолог-реаниматолог пен нефролог мамандары зардап шеккен қызды тексеруден өткізіп, оны Ана мен бала орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады.

«Қазіргі уақытта сәби өте ауыр коматозды жағдайда. Оның өкпесі  жасанды демалу аппаратына қосылған. Күшті терапия қабылдап жатыр. Бірнеше рет невролог, балалар гинекологы, пульмонолог, окулист, нефролог, эндокринолог, хирург мамандардың тексеруінен өткізіп, қосымша диагностикалық және лабораториялық зерттеулер тағайындалды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Вена және Кембридж университеттерінің профессорларымен кеңесу де жоспарланған.

Астанадағы ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығына сәби 27 тамыз күні Ақтаудан ауыстырылды. Естеріңізге болса, Ақтауда белгісіз біреу алты жасар қызды ұрлап, азаптап, зорлап тастаған еді. Төтенше жағдай тамыздың 20  күні қаланың №1 ықшам ауданында болды. Полицейлер оны бірнеше сағаттан кейін қансырап жатқан жерінен тапқан. Дәрігерлердің айтуынша, енді жарты сағат кешіккенде, кішкентай қыздың тірі қалуы екі талай болған.  Дәрігерлер психикасына зиян келмеу үшін оның есін жидыруға асықпаған еді.  

 Ақтау полициясы алты жасар қызды зорлаған күдіктінің нобайын суреттеп берген еді. Полиция қазір Daewoo Nexia маркалы көлікті жүргізген ер адамды (35-45 жас шамасындағы мұртты азиат) іздеді.  Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тамыздың 20-сы күні сағат 12:00 мен 13:30 аралығында бірінші ықшам ауданындағы №29 үйдегі "Иваныч" дүкеніне баратын жолмен жүрген жүргізушілерден бейне тіркеуіштерін тексеруді сұраған болатын. Кейін ғаламторда күдікті түсіп қалған бейнежазба да жария етілді.

ҚР ҚК 120-бабы («Зорлау») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

 Арада үш күн өткеннен кейін Ақтаудағы алты жасар қызды зорлаған күдіктіні табуға септігін тигізеген ақпарат үшін жергілікті тұрғын 100 мың теңге тікті. Александр есімді азамат бала ұрлаған сәттің куәгерлері табылатынына сенімді болған еді. Ер адам фамилиясын, мекеменің атауы мен мекен-жайын көрсетуден бас тартты.  Ол мұндай қадамға пиар жасау үшін емес, тек жақсылық жасау үшін барғанын айтты. Бұдан өзге ол осы қызға көмек көрсету үшін жылу жинауға дайын екенін жеткізген болатын.

Арада аз уақыт өткен соң, күдікті ұсталып, оның Өзбекстан азаматы екені анықталды. Алайда, оның алибиі болуына байланысты қылмысқа қатысы әлі дәледенген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!