Ақтау тұрғындары алты жасар қызды зорлаған күдіктінің ұсталғанын айтады

Оқыс оқиға
1620
Куәгерлердің бірі күдіктінің еуропалық келбеттегі жас ер адам екенін айтады.

Ақтау тұрғындары алты жасар қызды зорлаған күдіктіні анықтау барысында жасалған тергеу болуы мүмкін сәтті түсіріп әлеуметтік желіге таратып жіберген, - деп жазады "Лада".

Куәгерлердің бірі оның еуропалық келбеттегі жас жігіт екенін айтады. «Полицейлер оны кісендеп тастаған. Бірнеше полицеия көлігі болды. Шамамен, ол қай жерде қалай болғанын көрсетіп жатты. Полиция оған назалы адамдар көптігін ескеріп, оны жақсылап күзетіп тұрды»,-дейді тергеу сараптамасын көрген адам.  

Куәгерлердің айтуынша, оны алты жасар қыз жоғалып кеткен жер - "Иваныч" дүкенінің жанына да әкелген.  Кейін адамдар оны полиция сәби ес-түссіз табылған жер - "Фуд Мастер" өндірістік базасы жанына әкелгенін де көрсе керек.  

ҚР ІІМ мен Маңғыстау облыстық ІІД бұл ақпарааттың не рас, не өтірік екен растап отырған жоқ.

Тамыздың 29 күні Ақтауда зорланған алты жасар сәби Астанадағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталықтың анестезиология және реанимация бөлімінде ауыр хәлде жатқанын хабарлаған болатынбыз. Дәрігерлер оның денсаулығына қатыысты Вена және Кембридж университеттерінің профессорларымен кеңесуді жоспарланған. Астанадағы ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығына сәби 27 тамыз күні Ақтаудан ауыстырылды.


Естеріңізге болса, Ақтауда белгісіз біреу алты жасар қызды ұрлап, азаптап, зорлап тастаған еді. Төтенше жағдай тамыздың 20  күні қаланың №1 ықшам ауданында болды. Полицейлер оны бірнеше сағаттан кейін қансырап жатқан жерінен тапқан. Дәрігерлердің айтуынша, енді жарты сағат кешіккенде, кішкентай қыздың тірі қалуы екі талай болған.  Дәрігерлер психикасына зиян келмеу үшін оның есін жидыруға асықпаған еді. 

Ақтау полициясы алты жасар қызды зорлаған күдіктінің нобайын суреттеп берген еді. Полиция қазір Daewoo Nexia маркалы көлікті жүргізген ер адамды (35-45 жас шамасындағы мұртты азиат) іздеді.  Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тамыздың 20-сы күні сағат 12:00 мен 13:30 аралығында бірінші ықшам ауданындағы №29 үйдегі "Иваныч" дүкеніне баратын жолмен жүрген жүргізушілерден бейне тіркеуіштерін тексеруді сұраған болатын. Кейін ғаламторда күдікті түсіп қалған бейнежазба да жария етілді.

ҚР ҚК 120-бабы («Зорлау») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

 Арада үш күн өткеннен кейін Ақтаудағы алты жасар қызды зорлаған күдіктіні табуға септігін тигізеген ақпарат үшін жергілікті тұрғын 100 мың теңге тікті. Александр есімді азамат бала ұрлаған сәттің куәгерлері табылатынына сенімді болған еді. Ер адам фамилиясын, мекеменің атауы мен мекен-жайын көрсетуден бас тартты.  Ол мұндай қадамға пиар жасау үшін емес, тек жақсылық жасау үшін барғанын айтты. Бұдан өзге ол осы қызға көмек көрсету үшін жылу жинауға дайын екенін жеткізген болатын.

Арада аз уақыт өткен соң, күдікті ұсталып, оның Өзбекстан азаматы екені анықталды. Алайда, оның алибиі болуына байланысты қылмысқа қатысы әлі дәледенген жоқ.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить