Есіктегі топ болып зорлау оқиғасынан зардап шеккен қыз күдіктілерді таныды

Фотография - Есіктегі топ болып зорлау оқиғасынан зардап шеккен қыз күдіктілерді таныды

Фото: today.kz

Зардап шеккен қыздың анасы күдіктілер дөрекілік танытқанын айтады.

964 0

 Есікте топ болып зорлау оқиғасына қатысқан күдіктілер мен зардап шеккен қызды бетпе-бет жүздестірді. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Гүлбадар Мусинова Today.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Күдіктілермен қызым бетпе-бет кездесті. Жібек төртеуін де таныды. Тергеушінің сөзі бойынша, оларды Талдықорғанға әкетеді. Тергеу сараптамасы әлі болған жоқ. Жібек қазір дәрігерлердің қарауында болғанмен, бұл шара оған жеңіл шаруа болмайды. Сондықтан, бетпе-бет кездестіруді жөн санадық», - деп ойымен бөлісті Мусинова.

Сонымен қатар ол, қызының сөзіне қарағанда, күдіктілер кездескен кезде дөрекілік танытқанын айтты. 

Ал, Алматы облыстық соты төртінші күдікті Нұрбол Естайдың тергеу изоляторына қамалғанын және өзге күдіктілердің фамилиясын жария етті. Олардың Е.Н. Ермеков, А.А. Ермеков, А.Ж. Бектұрсын деген азаматтар екені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы бірнеше күн бойы Есіктегі топ болып зорлау оқиғасы қазақстандық әлеуметтік желідегі номері бірінші тақырыпқа айналды. Қазақстандықтар құқық қорғау органдарының осы іске қатысты әрекеттерін желі пайдаланушылары қатты сынға алып, кейбіреулері кінәлілерді туыстарына сотсыз жазалауға беру керектігін айтты.

Есіктегі топ болып зорлау оқиғасы тамыздың 19 күні Facebook желісінде Гүлбадар Мусинова жасаған бейнеүндеу арқылы белгілі болды. Оның айтуынша, Жібек деген қызын тамыздың 14 күні белгісіз біреулер зорлап кеткен. Отбасылық мерекеден кейін кафеден шыққан ағасы екеуін төрт жігіт жабылып, ұрып тастайды. Ал, қызды көлікке салып алып кетеді. Далада қалған ағасы туыстарын көмекке шақырып, Жібекті алып кеткен көлікті полиция мекемесінің жанынан табады. Туыстары күдіктілерді бірден ұстайды, ал полицейлер керісінше оларды босатуға тырысса керек. 

23 тамыз күні күдіктілердің үшеуі ұсталды. Қазір олар тергеу изоляторында. 25 тамыз күні төртінші күдікті ұсталды. Ол Еңбекші қазаақ ауылының тұрғыны, Орталық Қазақстанның тумасы. Ол да тергеу изоляторына қамалды. Олардың барлығының үстінен ҚР ҚК зорлау және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІД қылмыс жасағандардың біреуі құқық қорғау органы қызметкері болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!