Қарағанды облысында күдікті үш сырқаттың бірінен сібір жарасы анықталды

Фотография - Қарағанды облысында күдікті үш сырқаттың бірінен сібір жарасы анықталды

Фото: today.kz

ҚР ҰЭМ тұтынушылар құқығын қорғау комитеті «сібір жарасына» қатысты жағдай бақылауға алынғанын хабарлады

737 0


 Қарағанды облысында бір сырқаттан «сібір жарасы» диагнозы анықталды, - деп хабарлайды Today.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап. 2016 жылдың 31 тамыз күнгі ақпарат бойынша Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға түсті. Ем-шара қабылдағаннан кейін олардың жайдайы қалыпты болды. Қауіпті дертке тек бір адамның шалдыққаны анықталды.

«Сырқаттанған адамдар тамыздың он алтысы күні мал сойғаны анықталды. Ал, ет алып-сатарларға өткізілген. Қазір салмағы 68,3 кг болатын осы еттің қалдығы алынып, жойылды. Инфекция осы еттен тарағаны белгілі болды. Малдың қожайындары инфекцияны шикі етті бөлшектеу кезінде жұқтырған»,-деп мәлімдейді тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің Қарағанды облыстық департаменті осы дертке шалдыққандарды анықтау мақсатында әр аула тұрғындарын күнде тексеріп, етті ұстаған адамдарды күнделікті бақылауға алып, аурудың алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

«Ветеринарлық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауға алынды», -деп сендірді ведостводағылар.

Естеріңізге салайық, Балқашта сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен қасапшы ауруханаға жатқызылған болатын. Ал, оған дейін ауруханаға Ақтоғай ауданының Үшарал қыстағының ерлі-зайыпты тұрғыны түскен.  Олардың 90 килограмм ауру малдың етін Балқаш дүкеніне өткізгені белгілі болды. Ал, қалған 22 килограмм ет жергілікті халыққа сатылған.

Инфекционисттер аймақтық деңгейде жасалған сараптама бойынша ерлі-зайыптылардың сібір жарасына шалдыққанын анықтады. Бұдан да нақтырақ диагноз қою үшін жасалатын екінші сараптаманың нәтижесі әлі шыққан жоқ.

ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин сараптама нәтижесі қандай болуы мүмкін екенін алдын ала айту ерте деп отыр.

Қарағанды облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті жетекшісінің орынбасары Болат Қалмағанбетов қауіпті инфекцияның таралуы мүмкін екендігі туралы жедел хабарламаны ҚР ҰҚК, прокуратура, ІІД сияқты органдарға жолданғанын, Ақтоғай ауданына аса қауіпті инфекциямен жұмыс істейтін мамандар кеткенін айтты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!