Қарағандыда жоғалып кеткен 11 жасар қыз туыстарының үйінен табылды

Фотография - Қарағандыда жоғалып кеткен 11 жасар қыз туыстарының үйінен табылды

Қарағанды облыстық ІІД-нің суреті

Облыстық ІІД баланың аман-есен екенін айтты.

699 0

Қарағанды облысында жоғалып кеткен 11 жасар Марина Кудряшова табылды. Полиция 30 тамыздан бері оған іздеу жариялаған еді, -деп хабарлайды Today.kz аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Оның туыстарының үйінде болғаны анықталды.

«Марина Кудряшова туыстарының үйінен табылды. Ол ата-анасын ескертпей, туыстарына қонаққа кетіп қалған. Біздің қызметкерлер оны тауып, үйіне қайтарды. Қыз бала аман-есен»,-деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Полицейлер тарапынан оның туыстарына балаға қарап жүру туралы, ал қыз баланың өзіне әке-шешесін ескертіп кету жөнінде ескерту жасалды.

Естеріңізге салайық, Марина Кудряшова тамыздың 30 күні сағат 19:00 жоғалып кеткен еді. Ол Гапеева көшесіндегі үйінен қыдыруға шығып, оралмаған. Оның кәмелетке толмағанын ескеріп, іздеу шараларына ІІД бүкіл жеке құрамы тартылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!