Баян Есентаеваны күйеуі неліктен соққыға жыққанын оның қорғаушысы айтып берді

Фотография - Баян Есентаеваны күйеуі неліктен соққыға жыққанын оның қорғаушысы айтып берді

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Қорғаушының айтуынша, продюсердің күйеуі өз әрекеті үшін өкінеді.

1554 0


Баян Есентаеваны неліктен күйеуі соққыға жыққаны жайында Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы айтып берді,-деп хабарлайды Today.kz. Бекболат Жексейітовтің сөзіне қарағанда, Есентаеваның күйеуі отбасын сақтап қалғысы келген, қазір ол өзінің бұл әрекеті үшін өкінеді.

«Ол өзінің жұбайын ауыр күйге ұшыратқаны үшін өкінеді. Ол оны өлтіргісі келмеген, керісінше отбасын сақтап келгісі келген. Осындай әрекетпен ол өзінің көңілін білдіргісі келіпті. Баян шетелге оның рұқсатынсыз шыққан, сондықтан қызғанған. Әйелі ажырасқысы келгенге ұқсайды. Ал, ол отбасын сақтап қалмақ болған. Баян келіспеген, сөйтіп ұрыс барысында пышақ салған екен. Әрине, өкінеді, ол оның екі баласының анасы ғой»,-деп мәлімдеді Бекболат Жексейітов.

Қорғаушының айтуынша, Бақытбек Есентаев уақытша тергеу изоляторында жатқандықтан, оның Баянмен байланысқа шығып, одан кешірім сұрауға мүмкіндігі жоқ.

Баян Есентаеваның қатты соққыға жығылғаны жөніндегі іс Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотқа түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаева маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев тұтқындылды. Кейін оның оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған. Жұбайлар Бақытбек Есентаевтың жиенімен бірге Алматы сыртында көлікпен келе жатқан. Жол бойында қызғанышқа булыққан күйеуі Баянды ұра бастайды. Жолдағы бензин құю станцияларының бірінде күйеуі көлікті жүргізіп келе жатқан жиенін түсіріп тастап, әйелін одан ары соққы жығып, пышақтап тастайды. Оқиға орнына жеткен олардың қызы (істегі материалдар бойынша) әкесін тоқтатып, анасын Талғардағы ауруханаға жеткізіп үлгереді. Күдіктіні тұтқындау мерзімі қыркүйектің онына дейін ұзартылды.

20 маусымда Баян Есентаеваны ауруханадан шығарып, операция жасаған дәрігер оның мұрнына пластикалық операция жасау қажетілігі бар екенін айтқан еді.

Жұлдыздың өміріне бей-жай қарай алмайтын қазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау науқанын жариялады.

Баян Есентаеваның Талғар ауруханасындағы реанимацияда жатқан сәтін рұқсатсыз түсіріп, фотосын әлеуметтік желіге жариялау ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Продюсердің сіңілісі Бағым Мұхитденова суретке түсірген аурухана қызметері жазаға тартылатынын айтқан болатын

Бұған дейін Баян Есентаева Today.kz тілшісіне берген сұхбатында күйеуінің өте қызғаншақ екенін мәлімдеді. «Ол өте қызғаншақ, біз бір-бірімізге ұзақ уақыт бойы үйреністік. Мен үш рет ажырасқым келді, алғашқы он жылды соғыс деуге әбден болады»,-деп пікірімен бөліскен еді қазақстандық белгілі продюсер.

25 тамызда шетелде емделген Баян Есентаеваның Қазақстанға оралғаны белгілі болды. Ол өзінің Instagram парақшасында бетін көрсетіп түскен алғашқы суретін жариялады. Бұған дейін продюсер желіге тек арқасын көрсетіп тұрған суреттер ғана салып келді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!