Есікте бір топ жігіт зорлаған қыз алғаш рет сұхбат берді

Фотография - Есікте бір топ жігіт зорлаған қыз алғаш рет сұхбат берді

Фото: youtube/@Журнал Exclusive

Жібек Мусинова тергеудің алдын ала жасаған нәтижесімен неліктен келіспейтінін айтады.

1105 0

Exclusive мультимедиалық порталына Есікте бір топ жігіт зорлаған қыз Жібек Мусинованың алғаш рет берген сұхбатына аңдатпа салынды,-деп хабарлайды Today.kz.

Әңгіме барысында ол неліктен тергеу нәтижесімен келіспейтінін айтады. Сонымен қатар, зардап шеккен қыз бен оқиға куәгері басты күдіктінің даулы биографиясымен бөлісті. Сұхбаттың толық нұсқасы таяуда Exclusive сайтына шығады.


 Таяуда полицейлер Есікте топ болып зорлау оқиғасына қатысқан күдіктілер мен зардап шеккен қызды бетпе-бет жүздестірді. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Гүлбадар Мусинова Today.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеген еді. Сонымен қатар ол, қызының сөзіне қарағанда, күдіктілер кездескен кезде дөрекілік танытқанын айтты. Ал, Алматы облыстық соты төртінші күдікті Нұрбол Естайдың тергеу изоляторына қамалғанын және өзге күдіктілердің фамилиясын жария етті. Олардың Е.Н. Ермеков, А.А. Ермеков, А.Ж. Бектұрсын деген азаматтар екені белгілі болды. Олардың барлығының үстінен ҚР ҚК зорлау және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Есіктегі топ болып зорлау оқиғасы тамыздың 19 күні Facebook желісінде Гүлбадар Мусинова жасаған бейнеүндеу арқылы белгілі болды. Оның айтуынша, Жібек деген қызын тамыздың 14 күні белгісіз біреулер зорлап кеткен. Отбасылық мерекеден кейін кафеден шыққан ағасы екеуін төрт жігіт жабылып, ұрып тастайды. Ал, қызды көлікке салып алып кетеді. Далада қалған ағасы туыстарын көмекке шақырып, Жібекті алып кеткен көлікті полиция мекемесінің жанынан табады. Туыстары күдіктілерді бірден ұстайды, ал полицейлер керісінше оларды босатуға тырысса керек. ІІД қылмыс жасағандардың біреуі құқық қорғау органы қызметкері болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!