"АрселорМиттал Теміртауда" газ жарылысы болды

Фотография - "АрселорМиттал Теміртауда" газ жарылысы болды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды.

ТЖ кезінде бір жұмыскер зардап шекті

325 0

 "АрселорМиттал Теміртау" комбинатындағы цехтардың бірінде газ жарылыс болып, бір адам қатты күйіп қалды,-деп хабарлайды Today.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Газ жандыру құрылғысымен жұмыс жасау кезінде газ бен ауа қоспасы жарылды. Нәтижесінде, 40 жастағы отқа төтепберуші маман дене күйігі жарақатымен Мақажанов атындағы жарақаттану және ортопедия орталығына жеткізілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», – деді ведомстводағылар.

Мақажанов атындағы аурухана дәрігерлері оның II және III дәрежедегі күйік алғанын айтады. Денесінің 55 пайызы күйген.

«Жұмыскер хәл үстінде реанимацияда жатыр»,-дейді дәрігерлер. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!