Қарағанды облысында сібір жарасы тараған соң үш шенеунік жұмыстан босатылды

Фотография - Қарағанды облысында сібір жарасы тараған соң үш шенеунік жұмыстан босатылды

Фото: today.kz

Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары мен Жидебай ауылының әкімі жұмыстан босатылды.

464 0

Қарағанды облысында сібір жарасы тарап кеткеннен кейін бірнеше шенеунік жауапқа тартылды,- деп хабарлады Today.kz. Бұл туралы Ақтоғай ауданында өткен жиналыста белгілі болды.

«Ветеринарлық қауіпсіздік мәселесінде бақылауды әлсіретіп, эпидемиялық жағдайдың тууына себеп болғаны үшін аудан әкімі орынбасары жұмыстан босатылсын. Өз ісін тиісті деңгейде жүргізбеген аудандағы ветеринарлық бөлім жетекшісіне сөгіс жариялансын, Жидебай ауылының әкімі мен аудандық ветстанция бастығы жұмыстан шығарылсын»,- деп мәлімдеді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Сонымен қатар, облыс әкімі Жидебай ауылындағы Үшарал қыстағының тұрғындарымен жиналыс өткізді.

«Үшарал қыстағының екі тұрғыны қауіпті инфекция жұқтырды деген күмәнмен ауруханаға жатқызылғаннан кейін бірден тиісті шаралар қолға алынды. Сараптама нәтижесі шықпай тұрып, барлық қызметтер төтенше жағдай режимінде жұмыс істеді. Полиция бекеттері қойылып, осы жақтан ет пен ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды. Ауданда арнайы штаб қызмет жасайды. Менің тапсырмам бойынша, облыстық деңгейде де осындай штаб құрылды»,-деді облыс әкімі.

Денсаулық сақтау бақармасы баспасөз қызметіндегілер сібір жарасы диагнозымен түскен адамдардың жағдайы туралы хабарлады.

«Барлығы тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайлары қалыпты. Күн сайын жақсарып келеді»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Таяуда медицина қызметкерлерінің күшімен 1006 адам тұратын 412 аула тексеруден өткен. Бас-аяғы 5025 адам тұратын 2135 аула тексерілген.

Естеріңізге  салайық, 2016 жылдың 31 тамыз күнгі ақпарат бойынша Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға түсті. Ем-шара қабылдағаннан кейін олардың жайдайы қалыпты болды. Қауіпті дертке тек бір адамның шалдыққаны анықталды. Бұған дейін Балқашта сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен қасапшы ауруханаға жатқызылған болатын. Ал, оған дейін ауруханаға Ақтоғай ауданының Үшарал қыстағының ерлі-зайыпты тұрғыны түскен.  Олардың 90 килограмм ауру малдың етін Балқаш дүкеніне өткізгені белгілі болды. Ал, қалған 22 килограмм ет жергілікті халыққа сатылған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!