Қарағандыда көліктің ішінде тірідей өртеніп кеткен бала сіріңкемен ойнаған - ТЖД

Фотография - Қарағандыда көліктің ішінде тірідей өртеніп кеткен бала сіріңкемен ойнаған - ТЖД

Көрнекі сурет

Қарағанды құтқарушылары осындай болжам айтып отыр.

340 0

Қарағандыда баланың көлік ішінде тірідей өртеніп кетуінің алдын ала себебі жария етілді,- деп хабарлайды Today.kz Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Мұталлаповқа сілтеме жасап.

«Бала сіріңкемен немесе тез жанатын басқа да заттармен ойнауы мүмкін деген болжам жасап отырмыз»,-деп хабарлады Қуаныш Мұталлапов.

Volkswagen Transporter көлігінің мотор тұратын бөлігін мүлдем өрт шалмауы осындай болжам жасауға негіз болып отыр. Өрт салонның ішінде ғана болған. Қазір көлік ТЖД зертханасына сараптама жасау үшін тапсырылды. Шара аяқталған соң, ол құқық қорғау органдарына дәйек ретінде беріледі. Қазір ҚР ҚК 141 бабы (баланың өмірі мен денсаулығына қатысты тиісті міндеттерді қамтамасыз етпеу) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге салайық, қыркүйектің екісі күні түскі 13:08 уақытта өрт сөндіру қызметіне ішінде бала қамалып қалған көліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түседі. Баланың әкесі мен өтіп бара жатқан адамдар баланы құтқаруға тырысады. Алайда, қолдарынан ештеңе келмейді.  Олардың қолдары мен бастары күйіп қалған. Өрт сөндірушілер сағат 13:17 тілсіз жауды ауыздықтап, баланың көлік ішінде өлі денесін табады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!