Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды - ІІД

Фотография - Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды - ІІД

Көрнекі сурет

Сараптама оның айуандықпен жасалған қылмысқа қатысы бар екенін көрсетті.

809 0

Полицейлер Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктінің ұсталғаны туралы мәлімдеді,-деп хабарлайды Today.kz, Маңғыстау облыстық ІІД-іне сілтеме жасап.

«Осы қылмысты жасады деген А. есімді күдікті анықталып, тұтқындалды. Сот-геномдық молекулярлық сараптама қорытындысы оның осы қылмысқа қатысты екенін анықтады»,-дейді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, Ақтауда тамыздың жиырмасы күні болған алты жасар қызды ұрлау және зорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 120-сыншы (зорлау), 125-інші (адам ұрлау), 24-інші ( кәмедеттік жасқа толмаған баланы зорлау және қорлау мақсатында қылмыс жасауға дайындық және жасау)  баптары бойынша соталды тергеу басталды.  

ІІД тергеуге кедергі келтірмеу мақсатында бұдан өзге ақпаратты таратудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың отызы күні Ақтау тұрғындары алты жасар қызды зорлаған күдіктіні анықтау барысында жасалған тергеу болуы мүмкін сәтті түсіріп әлеуметтік желіге таратып жіберген еді. Куәгерлердің бірі оның еуропалық келбеттегі жас жігіт екенін, әрі полиция оны алты жасар қыз жоғалып кеткен жер - "Иваныч" дүкенінің жанына да әкелген.  Кейін адамдар оны полиция сәби ес-түссіз табылған жер - "Фуд Мастер" өндірістік базасы жанына әкелгенін де көрсе керек.  «Полицейлер оны кісендеп тастаған. Бірнеше полицеия көлігі болды. Шамамен, ол қай жерде қалай болғанын көрсетіп жатты. Полиция оған назалы адамдар көптігін ескеріп, оны жақсылап күзетіп тұрды»,-деген еді тергеу сараптамасын көрген адам. ҚР ІІМ мен Маңғыстау облыстық ІІД бұл ақпаратты сол кезде растамады, бірақ жоққа да шығарған жоқ. Бқл туралы кейін ресми мәлімдеме жасалатыны туралы ғана хабарлаған еді. 

Естеріңізге болса, Ақтауда белгісіз біреу алты жасар қызды ұрлап, азаптап, зорлап тастаған еді. Төтенше жағдай тамыздың 20  күні қаланың №1 ықшам ауданында болды. Полицейлер оны бірнеше сағаттан кейін қансырап жатқан жерінен тапқан. Дәрігерлердің айтуынша, енді жарты сағат кешіккенде, кішкентай қыздың тірі қалуы екі талай болған.  Дәрігерлер психикасына зиян келмеу үшін оның есін жидыруға асықпаған еді.

Ақтау полициясы алты жасар қызды зорлаған күдіктінің нобайын суреттеп берген еді. Полиция қазір Daewoo Nexia маркалы көлікті жүргізген ер адамды (35-45 жас шамасындағы мұртты азиат) іздеді.  Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тамыздың 20-сы күні сағат 12:00 мен 13:30 аралығында бірінші ықшам ауданындағы №29 үйдегі "Иваныч" дүкеніне баратын жолмен жүрген жүргізушілерден бейне тіркеуіштерін тексеруді сұраған болатын. Кейін ғаламторда күдікті түсіп қалған бейнежазба да жария етілді.

Арада үш күн өткеннен кейін Ақтаудағы алты жасар қызды зорлаған күдіктіні табуға септігін тигізеген ақпарат үшін жергілікті тұрғын 100 мың теңге тікті. Александр есімді азамат бала ұрлаған сәттің куәгерлері табылатынына сенімді болған еді. Ер адам фамилиясын, мекеменің атауы мен мекен-жайын көрсетуден бас тартты.  Ол мұндай қадамға пиар жасау үшін емес, тек жақсылық жасау үшін барғанын айтты. Бұдан өзге ол осы қызға көмек көрсету үшін жылу жинауға дайын екенін жеткізген болатын.

Арада аз уақыт өткен соң, күдікті ұсталып, оның Өзбекстан азаматы екені анықталды. Алайда, оның алибиі болуына байланысты қылмысқа қатысы дәлелденген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!