Алматыда қоқыс жәшігінен табылған ер адамның қай жерде өлтірілгені анықталды

Фотография - Алматыда қоқыс жәшігінен табылған ер адамның қай жерде өлтірілгені анықталды

Фото: today.kz

Адамның бөлшектенген денесін тұрақты орны жоқ адам тапты.

941 0

Полицейлер денесі бөлшектеніп, қоқыс жәшігіне тасталған жас ер адамның қай жерде өлтірілгенін анықтады, - деп хабарлайды Today.kz, ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

«Алматыда адам денесі табылуына байланысты ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлімі) бойынша соталды тергеу басталды. Құрбан болған адамның кім екенін, куәгерлер мен қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел шаралар атқарылды. Полиция қызметкерлері адамды өлтірген жер – жалдамалы пәтер және өлген адамның кім екенін анықтады. Сонымен қатар, күдіктінің кім екені белгілі болды. Қазір оны ұстауға қатысты шаралар қолға алынып жатыр», - деп мәлімдеді Алмас Садубаев.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

 Фото: today.kz

Оқиға Абылай хан көшесіндегі №28 үйде болған. Үй қазір полицейлердің қоршауына алынған.

Осы үйдің бір тұрғыны жезөкшелер пәтер жалдайтын болғандықтан, үйдің ауласы тынышсыз екенін айтты.

Естеріңізге салайық, қыркүйектің 7 күні Алматының Алмалы ауданында бөлшектелген адам денесі табылды. Тұрақты жері жоқ адам Абылай хан және Райымбек көшелерінің қиылысындағы қоқыс жәшігінен киім салынған дорба тапқан. Киімдерді ақтарып жатып, ол адамның қолын тауып алады. Ол алдымен қуыршақ таптым деп ойласа керек, бірақ кейін бұл адам екенін түсінген. Қолдан бөлек, ол дорбадан еуропалық келбетті 27-30 жас аралығындағы ер адамның басын тауып алған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!