Баян Есентаева алғаш рет отбасылық проблемасы туралы сұхбат берді

Фотография - Баян Есентаева алғаш рет отбасылық проблемасы туралы сұхбат берді

Бейнежазбадан алынған скриншот

Белгілі продюсер Баян Есентаева жанжалдан кейінгі үрей әлі бойынан кетпегенін айтады.

1111 0

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Баян Есентаева тележүргізуші Динара Сатжанға өзінің проблемалары туралы алғаш рет ашық сұхбат берді, -деп хабарлайды Today.kz  Сұхбаттың алғашқы бөлігі Youtube Сатжан аккаунтында пайда болды. Баян Есентаева ажырасқан жағдайда күйеуі оны өлтіретінін айтып, қорқытып келгенін мәлімдеді. 

«Ол жақсы әке, жақсы күйеу, ол мені барынша сүйді. Мен оны сыйлайтынмын, оны жақсы-жаман қасиеттерімен қабылдадым. Бірақ, мен оны сүйемін деп ешкімге айтқан емеспін. Қалыптасқан әдет болды, үйреніскен жайымыз болды, ортақ балаларымыз болды. Алайда, сен онымен бірнеше жыл бірге тұрып, ешқандай сезімді бастан өткермесең,  бұл осындай жағдайға әкеп соқтырады. Соңғы екі жылдағы өміріміз адам, тұлға, әйел ретінде мен үшін шыдамдықтың шегінен шықты. Мен онымен ажырасқым келетін бұрыннан айтып келемін, бірақ ол келіскен жоқ. Ол үнемі мен кетіп қалған жағдайда өлтіретінін айтатын. Бұл отбасылық тұрмыстық қорлау. Сен үнемі қорқынышпен өмір сүресің. Ол адамның мұндай әрекетке бара алатынын мен үнемі білдім. Мен қандай жағдайда болмасын, дұрыс ажыраса алмайтынымды білетінмін»,- дейді Есентаева.

Баян Есентаева оның бұрынғы күйеуі ойынқұмар екенін жасырмады. Оның тапқан қаражатын күйеуі үнемі казинода ұтылып отырған. Есентаева   Қапшағайдағы Carlton казиносында камераға түсіп қалып, әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен аты шулы бейнежазбадағы адам шын мәнінде оның күйеуі Бақытбек екенін мойындады.

«Бұл казиномен мен өмір сүріп келе жатқаныма 22 жыл болды. Осы 22 жылда болған ұтыстар мен ұтылыстарға менің етім әбден үйреніп кеткен. Ол ұтылған дүние мен қаржыны есептеу мүмкін емес. Мен тек одан барынша абай болуды сұрайтынмын. Мен оның қолынан ойнаудан басқа ештеңе келмейтінін, оның кәсіби ойынқұмар екенін түсінетінмін. Мен өзім ешқашан казиноға барып көрген емеспін. Мен үшін ол мүлдем жат нәрсе, мен тек отбасымдағы осы ащы шындықты қабылдамау үшін құлағымды, көзімді жауып алып өмір сүретінмін. Осы уақытқа дейін қаншама көз жасым ақты. Қанша көлік пен пәтер кеткенін айтқым да келмейді. Сол ролик мен күйзелісте жүрген кезде шықты. Мен барлық арналардың басшыларына шығып, осы роликті эфирге шығармауыларын өтіндім. Үйде бұған қатысты жанжал шығармауды ұйғардым», - дейді Есентаева.

 Ашық сұхбат барысында продюсер маусымның оны күні болған жайттың бүге-шүгесін айтып берді.

«Сөйтіп, маусымның оны. Мен үйге қайтып келе жатқанмын. Мен маусымның бесі күні онымен келіспей қалдым. Күйеуім маған үйге қайтқан кезде жағдайдың қиын болатыны туралы қоқаң-лоқы көрсеткеннен кейін тағы бес күнге кешігуіме тура келді. Мен ол басылсын деп ойладым. Ұшаққа арналған билетімді басқа ел арқылы алдым. Ондағы ойым, елге келгенімді күйеуім білмей қалсын деген ой болатын. Ұшып келдім, таксиге отырдым. Бағдаршамның қасына келгенде, есік ашылды да, ол көлікке мінді. Құс сияқты ұшып келгендей болды. Содан бері менде қазір барлық есіктерді кілттеп жүретін әдет пайда болды. Қолынан пышақ көрдім, сосын оны маған тығып алды. Мен оның бетінен ешқандай өкініш байқамадым. Мен есімді білем, бірақ ешқандай денемнің ауырғанын сезбедім. Бұл шок болуы мүмкін. Мен қорқынышты бірдеңе болып жатқанын білдім. Барынша күш-жігерімді жинадым. Мен тек шыңғыру керек екенін түсіндім, көлік жүргізушісінен көмек сұрадым, - деді Баян Есентаева.

Есентаева екі сағат бойы оны күйеуі ұруды тоқтатпағанын айтты.

«Ол мені артта келе жатқан басқа көлікке отырғызды. Көлікті жүргізіп келе жатқан оның туған жиені болды. Одан әрі сұмдық жалғасты. Мен үнімді шығарған жоқпын. Өйткені, айқаймен ештеңе өзгермейтінін білдім. Екі сағатқа созылған соққы басталды. Қан барлық жерімнен ағып жатты. Ернімді жарды, тісімді түсірді, бетімді тілді, мұрнымды сындырды. Қатты ауырды. Мен одан балаларды ойлауды сұрадым. Бірақ, есесіне ол жауап ретінде ұрып отырды»,- деп ағынан жарылды продюсер.

Баян соққының зардабын арада үш ай өткеніне қарамастан әлі сезініп жүргенін, сол көзі көрмей қалғанын айтты.

«Үш ай өтсе де, менің бетімдегі бұлшық еттер әлі жұмыс істемейді, екінші дәрежедегі контузия, сол көзім дұрыс көрмейді», - деді Есентаева.

Бұған дейін Баян Есентаеваның тұрмыстық қорлық көрген әйелдерді қорғайтын қауымдастық ашқысы келетінін хабарлаған болатынбыз.

«Мен тұрмыстық қорлық көрген әйелдерді қорғайтын ұйым құруға дайынмын. Мен ең жақын адамнан таяқ жегеннің не екенін жақсы түсінемін. Мен осындай жағдайға душар болғанда менің хәлімді ешқандай қауымдастықтың өкілі сұраған жоқ»,-дейді Баян Есентаева.


Естеріңізде болса, осыған дейін Баян Есентаеваны неліктен күйеуі соққыға жыққаны жайында Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы айтып берген еді. Бекболат Жексейітовтің сөзіне қарағанда, Есентаеваның күйеуі бұл әрекетке отбасын сақтап қалу үшін барған, әрі ол өзінің бұл әрекеті үшін өкінеді. Қорғаушының айтуынша, Бақытбек Есентаев уақытша тергеу изоляторында жатқандықтан, оның Баянмен байланысқа шығып, одан кешірім сұрауға мүмкіндігі жоқ.

Баян Есентаева маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев тұтқындылды. Кейін оның оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған. Жұбайлар Бақытбек Есентаевтың жиенімен бірге Алматы сыртында көлікпен келе жатқан. Жол бойында қызғанышқа булыққан күйеуі Баянды ұра бастайды. Жолдағы бензин құю станцияларының бірінде күйеуі көлікті жүргізіп келе жатқан жиенін түсіріп тастап, әйелін одан ары соққы жығып, пышақтап тастайды. Оқиға орнына жеткен олардың қызы (істегі материалдар бойынша) әкесін тоқтатып, анасын Талғардағы ауруханаға жеткізіп үлгереді. Күдіктіні тұтқындау мерзімі қыркүйектің онына дейін ұзартылды.

20 маусымда Баян Есентаеваны ауруханадан шығарып, операция жасаған дәрігер оның мұрнына пластикалық операция жасау қажетілігі бар екенін айтқан еді.

Жұлдыздың өміріне бей-жай қарай алмайтын қазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау науқанын жариялады.

Баян Есентаеваның Талғар ауруханасындағы реанимацияда жатқан сәтін рұқсатсыз түсіріп, фотосын әлеуметтік желіге жариялау ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Продюсердің сіңілісі Бағым Мұхитденова суретке түсірген аурухана қызметері жазаға тартылатынын айтқан болатын.

25 тамызда шетелде емделген Баян Есентаеваның Қазақстанға оралғаны белгілі болды. Ол өзінің Instagram парақшасында бетін көрсетіп түскен алғашқы суретін жариялады. Бұған дейін продюсер желіге тек арқасын көрсетіп тұрған суреттер ғана салып келді.

Аты шулы іс бойынша соттың алғашқы тыңдауы қыркүйектің 14 күні болады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!