Өзінің сегіз жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғынына қатысты іс жабылмақ

Фотография - Өзінің сегіз жасар ұлын өртеп жіберген Приозерск тұрғынына қатысты іс жабылмақ

Көрнекі сурет

Отбасылық жанжал салдарынан төрт адам өлді.

394 0

12 қыркүйекке қараған түні әйелімен болған жанжалдан кейін өзінің сегіз жасар ұлын өлтірген 49 жастағы Приозерск тұрғыны Балқаштағы ауруханадағы жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы Today.kz тілшісіне жансақтау бөліміндегі мамандар хабарлады.

«Пациент шамамен 08:12 уақытта өлді. Оның денесінің 90 пайызы күйіп, сүйектері сынып, ашық жарақаттар болғандықтан, оны құтқару мүмкін болмады», -деп хабарлады жансақтау бөліміндегілер.

Осыған байланысты ҚР ҚК 99-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша қозғалған қылмыстық іс жабылады.

«Оның кінәсі дәлелденбегендіктен және күдіктінің өлуіне байлнысты істі жабады»,-деді ақпарат көзі.

Ал, осы өрттің салдарынан түтінге уланған көрші әйел әлі жансақтау бөлімінде  жатыр.

Естеріңізге салайық, Приозерскідегі төрт адамның өліміне себеп болған оқиға қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні болды. 49 жастағы азамат жанжалдан кейін сегіз жасар ұлы мен өзіне бензин құйып өртеп жібереді де, кейін төртінші қабаттағы терезеден секіріп кетеді.

Сонымен қатар, түтіннің салдарынан түнгі ұйқыда жатқан жерінде бесінші қабаттағы көрші әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған қызы түтінге уланып өледі. Осы пәтердің тағы бір тұрғыны уланып, жансақтау бөлімінде жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!