«Хоргос ісі» бойынша іздеуде жүрген соңғы фигурант ұсталды.

Фотография - «Хоргос ісі» бойынша іздеуде жүрген соңғы фигурант ұсталды.

Көрнекі сурет

Бекболат Қайырбаев 2012 жылдың наурыз айынан бастап іздеуде болған еді.

336 0

 Халықаралық іздеуде жүрген «Хоргос ісіне» қатысы бар соңғы фигурант ұсталды, - деп хабарлайды Today.kz.

Жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюро тарапынан жүргізілген кешенді шаралар нәтижесінде қыркүйектің 11 күні Алматы облысының аумағынан халықаралық іздеуде жүрген «Хоргос ісіне» қатысы бар соңғы фигурант Бекболат Қайырбаев (қылмыстық топтың көшбасшысы Т Қайырбаевтың туған ағасы) ұсталды.

Ұлттық  бюро берген мәліметтер бойынша, Бекболат Қайырбаев құқық қорғау органдарындағы жоғары лауазымды қызмет иелерімен қылмыстық істі тоқтату мақсатында келісім жүргізіп жүрген адам.

Ағасының тапсырмасымен, оларды босатып алу үшін Қайырбаев өзінің таныстары М. Зиманов, У. Әубәкіров, Құсманов, Р. Юсуповтар арқылы лауазым иелеріне 3,2 миллион доллар көлімінде пара берген.  

Бекболат Қайырбаев 2012 жылдың наурызынан бастап іздеуде болды. Қазір ол Талдықорғанның теергеу изоляторында.

Жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары осы іске қатысты қылмыстық топтыың барлық мүшесін ұстады,-деп атап өтті ведомстводағылар.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!