Астанада көлік соққысынан зардап шеккен бала есін жиды – дәрігерлер

Фотография - Астанада көлік соққысынан зардап шеккен бала есін жиды – дәрігерлер

Фото: facebook/@Арман Алибек

Баланы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырғалы жатыр.

158 0

Астанада көлік соққысынан зардап шеккен баланың жағдайы жақсарды,-деп хабарлайды Today.kz, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты жақсарып келе жатқанын айтады.

«Бала әлі жансақтау бөлімінде, бірақ есін жиды, сөйлесіп жатыр. Ертең оны кәдімгі палатаға ауырғалы жатырмыз. Қажет ем жүргізіліп жатыр»,- деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге салайық, ЖКО қыркүйектің жетісі күні Иманов және Асан қайғы көшелерінің қиылысында болды. Алдын ала мәлімет бойнша, 36 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі Асан қайғы көшесімен Иманов көшесіне бет алған. Қиылыста жол бермей өткен ол Mercedes-Benz көлігін қағып өткен. Соққыдан Lexus жаяу жүргінші жолына шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді соғады. Одан соң, Lexus тұрақта тұрған Lada көлігін соғып, жол бойында тұрған ZAZ және Mitsubishi көліктерінің үстіне аударылады. ЖКО салдарынан төрт оқушы зардап шекті. Біреуі ауруханаға түсіп, хирургтер оның сол жақ бүйрегі мен көк бауырын алып тастады. Астанадағы ІІД берген мәлімет бойынша, Lexus жүргізушісі мас болмаған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!